ДОЦЕНТ КИРИЛЛОВА ЕВГЕНИЯ НИКИТИЧНА «ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНДЕ СЕМИНАР ЖҮРГІЗДІ
«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНІҢ ШАҚЫРТУЫМЕН САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕМЛЕКЕТТІК ХИМИКО-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ, ДОЦЕНТ КИРИЛЛОВА ЕВГЕНИЯ НИКИТИЧНА МОДУЛДЕ СЕМИНАР ЖҮРГІЗДІ
Ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту мақсатындауниверситетімізде көптеген іс-шаралар жүргізіліп, іске асырылуда.Оқу үрдісінде оқу тәжірибелерінің алатын орны ерекше екені мәлім. Әрмамандық тәжірибелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Ал университетте «Фармация» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің жыл сайын танымдық ой-өрісін кеңейту үшін және теорияда алған білімдерін тәжірибеде шыңдау үшін, 2014 жылдың қыркүйек айының 17-ші жұлдызымен қазан айының 1-ші жұлдызы аралығында Санкт-Петербург мемлекеттік химико-фармацевтикалық академиясының оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры, химия ғылымдарыныңкандидаты, доцент Кириллова Евгения Никитична «Фармацевт-токсиколог» модулінің шақыртуымен келіп, «Фармацевт-токсиколог» модулінде семинар жүргізді. Визитинг-профессор Кириллова Е.Н. 5В074800«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығында өткізілетін«Органикалық химияның теоретикалық негіздері» пәнінен «Факторы, определяющие реакционную способность субстратов в органических реакциях»тақырыбында 10 күн ішінде күніне 6 сағаттан дәріс курсын оқыды.Ал студенттер үшін ерекше қарқын алған елдердің тәжірибесімен танысуы үлкен маңызға ие. Сонымен бірге Қазақстанда фармацевтикалық өндірістехнологиясындамыту — бұл қазіргі заманның талабы. Бұл тәжірибелер болашақ фармацевт кадр мамандарына тамаша әсер сыйлап қана қоймай, дәріс барысында көрген түйгендерін Қазақстанның фармацевтикалық өндірістехнологиясындамыту жолындаөз үлестерін қосады деген сенімдемін. Жалпы мұндай тәжірибелер алмасу болашақ фармацевтикалық өндірістехнологиясындамыту саласы үшін қажетті мамандар даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Студенттер дәріс алу барысында жақсы тәжірибе алмасумен қатар ерекше әсер алды. Визитинг-профессор Кириллова Е.Н. дәріс оқу курсының соңғы қыркүйек айының 30-шы жұлдызында, №20 дәрісханада (INTRO I)«Влияние гибридизации атома углерода на реакционную способность связи углерод – галоген» атты тақырыпта актты дәріс оқыды. Дәріске студенттермен бірге факультет деканы У.М. Датхаев, департамент директоры Г.О.Устенова және модулдің ОПҚ құрамы қатысты. Декан, департамент директоры және модуль оқытушылары өз лебіздерін білдіргеннен кейін, Санкт-Петербург мемлекеттік химико-фармацевтикалық академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келген студенттер: 5-ші курс студенті Козина Альбина Булатовна, 4-ші курс студенттері Жолдасова Самал Серікқызы және Тучкова Ксения Владимировна білім алу барысында ерекше әсер алғандары жайлы сөз қозғап, алғыстарын білдірді. Визитинг-профессор Кириллова Е.Н. жоспарланған оқу бағдарламасын сәтті аяқтады. Актты дәріс аяқталған соң, студенттер және модулдің ОПҚ визитинг-профессор Е.Н. Кирилловамен университетіміздің ауласында орналасқан кеңес Одағының батырлары М.Маметовамен Владимир Иваниловтың және Қозы Көрпешпен Баян сұлудыңтарихи ескерткіштерін аралап, олардың өмір деректері жайлы таныстырылып, соңынан естелік суретке түсіп тарастық. Қазақстанда мемлекеттік саясатты жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн деп санаймын.
«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі м.а. доцент Қожамжарова А.С.