Студенттік көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмыс кестесі
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы студенттік
көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмыс кестесі
Үйірмелерге жазылу, мағлұмат алу: №7 аудитория корпусы, 109 бөлме
Көркемдік жетекші: Апсаттарова Салтанат Айкеновна — 8 777 826 05 90
- «Concordia» студенттік театры
Режиссер: Бидибеков Малик Ералиевич — 8 700 406 74 08
Мақсаты: Студенттердің бойындағы талантын жан-жақты ашу, кәсіби тұрғыда өсуіне көмек көрсету. Жастардың мәдени, рухани қалыптасуына, әдебиетке, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра отыра, жалпы адами асыл қасиеттерді бойына сіңіру, топ алдында өзінің ойын дұрыс жинақтап жеткізе білу, актерлік шеберлігін шыңдау, тіл байлығын молайту, дұрыс және анық сөйлеу, сахнада өзін-өзі еркін ұстай білуге үйрету және пластикасын дамыту.
Негізгі шарты: «Concordia» студенттік театр үйірмесінде спектакльдер дайындалып, сахналанады. Үйірмеге қатысатын студенттерге спектакльдегі рольдер бөлініп беріледі. Бөлінген рольдер, қоюшы режиссермен жекелей және сахналарға бөлініп дайындалады. Спектакль тапсырылатын кезде барлығы дайындыққа кешікпей, толықтай қатысулары қажет. Қойылым қою ұжымдық жұмыс болғандықтан үлкен жауапкершілікті, ыждахатылықты талап етеді. Үйірмеге қатысушылар алдын-ала режиссерге келіп жазылып, әңгімелесіп, толықтай мәлімет алу арқылы ары қарай жұмыс жасайды. Көркемдік жетекшіге де келіп өзі жайында мәліметті қалдыра алады.
«Concordia» студенттік театрының сабақ кестесі:
- Дүйсенбі-16.00-18.30
- Сейсенбі-16.00-18.30
- Сәрсенбі-16.00-18.30
- Бейсенбі-16.00-18.30
- «Көркем сөз» үйірмесі
Көркемдік жетекші: Апсаттарова Салтанат Айкеновна — 8 777 826 05 90
Мақсаты: Студенттердің сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалануға баулу.
Поэзияға, әдебиетке, өнерге жақын студенттерді көркемсөз оқу шеберлігіне, мәнерлеп оқуға үйрету. Көркемсөз оқу және әртүрлі тақырыпта, ақындық қабілеті бар студенттер арасында байқаулар ұйымдастырып өткізу. Танымал ақындардың шығармашылығына байланысты кездесулер, еске алу кештерін және бүгінгі күнде қалам тартып жүрген жас ақындардың шығармашылығымен танысып, кездесу кештерін ұйымдастыру.
Негізгі шарты: Үйірмеге поэзияға, әдебиетке, өнерге жақын, өзіндік қалам тартып жүрген ақындық қабілеті бар, көркемсөз оқу шеберлігін шыңдағысы келетін, сонымен қатар мерекелік шараларда жүргізуші болғысы келетін студенттер қатыса алады. Студенттер қалалық, аудандық байқауларға қатыстырылады. Қатысушылар жекелей тапсырмалар алып дайындалады.
«Көркем сөз» үйірмесінің сабақ кестесі:
1.Бейсенбі-15.00-18.00
- «Дала сазы» Ұлттық аспаптар ансамблі
Ансамбль жетекшісі: Джумабаев Асет Шалабаевич — 8 701 740 52 81
Мақсаты: Музыкалық аспапта ойнай алатын және қабілеті бар студенттерді аспапта ойнауын дамыта отыра, ансамбльдің құрамына қосу. Белгілі қазақ күйшілері мен композиторларының шығармашылығымен және ұлттық аспаптар тарихымен таныстыру.
Қалалық, аудандық байқауларға қатыстыру.
Негізгі шарты: Үйірмеге аспапта ойнай алатын, музыкалық қабілеті бар студенттер қатыса алады. Сонымен қатар аспапта ойнау құштарлығы болуы қажет. Музыкалық аспаптарда ойнау деңгейлеріне, қабілетіне қарай жеке сабақтар арқылы өткізіледі. Концерттің алдында үйірмеге қатысушылар барлығы үлкен жауапкершілікпен дайындыққа бірге қатысулары қажет.
Негізгі үйрету аспабы-домбыра. Басқа да аспаптарда (баян, қобыз, скрипка, саз сырнай, барабан т.б) аспаптарында ойнай алатын студенттер жеке сабақтар, кеңестер алуға болады. Үйрету, дайындық барысында үйірмеге қатысушылар бірте-бірте ансамбль құрамына қосылады. Университет деңгейінде өткізілетін барлық концерттік бағдарламаларға қатыстырылады. Қажет болған жағдайда қосымша дайындықтар жүргізіледі.
«Дала сазы» Ұлттық аспаптар ансамблінің сабақ кестесі:
- Дүйсенбі-16.00-19.00
- Сейсенбі-14.00-19.00
- Сәрсенбі-14.00-19.00
- Бейсенбі-14.00-19.00
- «Concordia» хореография би тобы
«Concordia» би тобының жетекшісі-Кумускалиева Асел Айбаровна — 8 775 990 97 00
Мақсаты: Би үйірмесінде студенттер әртүрлі халықтардың ұлттық билерімен, музыкасымен, жан дүниесімен, мінез құлқымен, салт-дәстүрімен жақын танысады.
Би адам мүсінінің әсем қалыптасуына, әдемі қозғалуына, жинақы, тартымды болуына, пластикасын дамытуға көмектеседі. Би үйірмесінде қазіргі заман билері, классикалық бал билері үйретіледі. Университет аясында өткізілетін барлық мерекелік шараларда, концерттік бағдарламаларда өнер көрсетеді. Қалалық, аудандық байқауларға қатыстырылады.
Негізгі шарты: Би үйірмесіне бос уақытын тиімді пайдалана алатын, дене мүсінінінң әдемі болғанын қалайтын, пластикасын дамытқысы келетін барлық студенттер қатыса алады.
Би дайындығы жасалынған кесте бойынша өткізіледі. Үйірмеге қатысушылар дайындыққа қалмай қатысулары қажет, басқа да үйірмеге қатысатын замандастырына сыйластық көзқараспен қараулары қажет. Би қойылымын қою ұжымдық жұмыс болғандықтан үлкен жауапкершілікті, ыждахатылықты талап етеді. Биге қатысушылар санының көптігіне және студенттер әр курстан болғандықтан бірнеше топтарға бөлінген. Қатысушылар топ санының номерлеріне қарай кесте бойынша үйірмеге қатысады. Қажет болған жағдайда дайындық кестесіне өзгерістер енгізілгені жайында қосымша хабарланатын болады.
«Concordia» хореография би тобының сабақ кестесі