Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Сәуір айының 17- сінде С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ- да Валеология модулінің ұйымдастыруымен «Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында ашық сабақ жүргізілді.
Әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы болып табылады.
«Алғашқы көмек – адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек.»Ашық сабақтың мақсаты:жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс — тәсілдерімен таныстыру;
алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру;
достыққа, адамгершілікке, біріне — бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Ашық сабақты ЖМ 13-10-2 тобының студентері көмегімен жүргізілді.
Алғашқы сөз:
- «Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек» ашық сабағын Валеология модулінің оқытушысы Асан Г.К. ашты.
- Ермахан Нурила «Қан кету, қан кету түрлері» тақырыбында баяндама қорғады.
- Мырзашева Ақбота, Торжан Улбосын, Пейсенов Сайфулла және Асқанбеков Мақсат «Әртүрлі қан кету түрлерінің алдын алу шараларын тақырыбында көріністер көрсетті».
- Базет Дана, Шажаева Іңкәр, Бекенова Әсемкүл және Момбекова Жібек «Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру» тақырыбында баяндамалар оқып, көріністер көрсетті.
- «Қан кету кезіндегі алғашқы көмек» тақырыбында 10 минут видеоролик көрсетілді
- Нұргожа Айдана – викториналық сұрақ — жауап жүргізді.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/қан-кету-қан-кету-түрлері-және-қан-ағу/