Бірлік — болашаққа бастар жол
Бірлік — болашаққа бастар жол
«Cендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – еліміздің қазір көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш»
Назарбаев Н.Ә.
Арман деген арнасына сыймай буырқанып аққан дария емес пе! Сол арман жетелеп біз бір топ жастар 2014 жылдың күзінде С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультетеіне үлкен сыннан сүрінбей өтіп, студент деген атқа ие болдық. Аппақ қардай халат киіп, университет табалдырығын имене аттаған жастарды университет ректораты мен факультет деканаты «сіздер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіздер»- деп жылы шыраймен қарсы алды, студент қатарына қабылдады.
Біздер үшін биылғы жаңалық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихы» пәнін Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттықуниверситетініңқабырғасында оқуға қол жеткізді. Алғашқы күні бізге жалпы медицина факультетінің декан орынбасарлары Наккажина Сауле Хиватуллановна және Бейсегулова Гүлжан Нұрқапызовна жетекшілік жасап барды. Бізді ҚазҰУ оқу әдістемелік бөлім басшысыСералин Ғалымбек Әділбекұлы және студенттік ұйым құшақ жая қарсы алды, университеттің факультеттерімен, кітапханамен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Қасиетті қара шанырақта мектеп қабырғасында тарих пәнінен алған білімімізді жетілдірдік, білімімізге- білім қостық. Тарихтың сан қыры, әр жол астары мен соқпағын шәкірт жүрегіне жеткізе ең қиынның қиыны. Тарихтың тамырына терең бойлап білім нәрімен сусындатқан Ноянов Еділ, Маралқызы Лейла, Машрупқызы Ақжамал секілді ұстаздарды ерекше атап, алғыс білдіреміз. Қажымай- талмай тарих тағылымын шәкірт бойына сіңіре білу шеберлік десек, осы ұстаздардың сол шебердің шебері. Әр шәкірттің жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатып, тарих тағылымын жеткізе білген жандар.
Бізге осындай білім алмасуға мүмкіндік беріп, екі университет студенттер арасындағы достастық пен ынтымақтастықты күшейтуге мұрындық болған ректорымыз Айқанов Ақан Айқанұлына,жалпы медицина факультетінің деканатына 1-ші курс студенттерінің атынан алғыс білдіреміз.
Жалпы медицина факультетінің
1 курс ЖМ14-006-1 топ студенті
Нүсіпжан Таңшолпан