«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол»
«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» — атты, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, халыққа деген жолдауы жария етілді. Бұл жолдау, біздің ел басымыздың Қазақстан халқына деген уаймдаушылық пен болашаққа ұмтылушылықтың бір белгісі болар деп сенеміз. Жас дәрігерлермен, яғни ҚазҰМУ акушерия және гинекология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының 1 жылдық интерндерімен резидентерінің арасында қалалық перинаталдық орталықта конференция өткізілді. Бұл тәлімнің өзекті мәселесі мынада: елбасы экономиканы дамытуды жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік, белсенділік пен жұмыс пен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажеттігін атап өтті:
- Көліктік – логисталық инфрақұрылымдарды дамыту
- Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту
- Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту
- ТКШ, су және жылу мен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарды жаңғарту
- Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту
- Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту
- Шағын және орта бизнесті қолдау
Біз жалпы ұлттық идеяларды – Мәңгілік Елдік басты бағдар етіп, Тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Барлық қазақ жұртының жастары осы ұлттық идеялар мен биік мұраттарға жетелейтін тапсырмаларды орындауда ынта-жігерімізді жұмсауға шақырамыз.