Отбасы күні
Құрметті университет ұжымы және студенттер!
Еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының маңызды бөлігі ретінде отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі ресми түрде Отбасы күні болып жарияланды.
Осыған орай, 2014 жылғы 14 қыркүйек күні сағ. 11.00-де Алматы қ. Орталық демалыс және мәдениет саябағында (бұрынғы Максим Горький атындағы саябақ) Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара өткізіледі.
Кіру тегін.
Баршаларыңызды аталмыш іс-шараға шақырамыз!