Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесіндегі өзгерістер
Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы Курбатов Андрейдің өз еркімен өтініш жазып орнынан кетуіне байланысты, 2014 жылдың 27 наурыз күні Университеттің Студенттік Үкіметтің кабинетінде жаңа төрағаны сайлау өткізілді. Сайлауға Жалпы Медицина Факультетінің студенті Бекмолдақызы Мөлдір мен Стоматология факультетінің студенттік үкіметінің төрағасы Бөріхан Ерболат түсті. Екі сайлауға тусуші де, өзінің болашақтағы жоспарларымен, ойларымен бөлісті. Сайлауға университеттің белсенді студенттері қатысты. Ашық дауыстың нәтижесінде Бөріхан Ерболат жеңіске жетті. Осы сәттен бастап, 27 наурыз 2014 жыл, Бөріхан Ерболат Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Осы тәріздес өзгерістер Қоғамдық денсаулықты сақтау және Жалпы Медицина Факультетінде де орын алды. Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттік төрағасы Тасболтаев Азаматтың орнына Солтанова Мөлдір сайланса, Жалпы Медицина факультетінің Студенттік Үкіметінің төрағасы Мамбетназаров Абдул-Разийдің орнына Қасейқызы Әсел сайланды.
Жаңадан сайланған Университеттің Студенттік Үкіметі мен Факультеттің студенттік үкіметінің төрағаларының жұмыстарына сәттілік тілей отырып, өз университетінің шын жанашыры болуға шақырамыз.