«Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім»
Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,– деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Елбасымыздың 22- қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялау да сол мақсаттан туған.
Қазақ тілі кафедрасының оқытушылары 2 қазан күні өткізген «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты іс-шара Елбасымыздың тіл туралы саясатын жүзеге асыру болып табылады. Кеш барысында студенттер өздерінің ана тілдерімен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілін қалай меңгергенін де көрсетті. Олар қазақ тілінде ән шырқап, өлең оқып, сондай-ақ мақал-мәтел айтудан сайысқа түсті. Жалпы медицина факультеті 1-курс 002-1 тобының студенттері Бабахан Сержан мен Құрманбай Қанат әуелете ән салып студенттердің құлақ құрышын қандырды. Жалпы медицина факультеті, 1-курс 002-1 тобының студенті Лесбек Қуатбек өзінің «Туған тілім – тірегім» деген өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Бұл медицина сияқты күрделі мамандықтарды игеруге келген жастар үшін поэзияға да жат емес екенін көрсетіп тұрғандай. Өлең оқу сайысында Оразғали Назерке мен Маделханқызы Зуһра үздік шықса, Нұрсейіт Нұркен мен Олия Елена өрнекті сөздің өзегі мақал-мәтелді соншалық көп білетіндігімен көрермендерді таң қалдырды. Ал Ауғанстан Ислам Республикасынан келген Сайд Сабер Надим қазақ тілі туралы өз толғанысын ортаға салды. Жалпы медицина факультетінің 3-курсында оқып жүрсе де, қазақ тілі кафедрасы өткізетін іс-шараларға үнемі қатысып жүруі – оның қазақ тіліне деген құрметі, сүйіспеншілігі екенінің айғағы. Кештің жүргізушілері Анарбай Қазынаның, Қожашева Айдананың, сондай-ақ кешке белсене қатысқан жалпы медицина факультеті 1-курс, 045, 046 топ студенттерінің еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Қазақ тілі кафедрасының доценті Т.Қ.Зайсанбаев пен оқытушы Б.Н.Канленова ұйымдастырған бұл кешке доценттер Б.Ж.Доскеева, З.А.Абдуллина, Р.Н.Дәрменқұлова және оқытушы А.Т.Рахымбаев белсене ат салысты. Кеш еліміздегі тіл саясатын жүзеге асыруға жасалған қадамдардың бірі болды деп толық сеніммен айта аламыз.
Қазақ тілі кафедрасының доценті Т.Қ.Зайсанбаев
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/тіл-тірегім-соғып-тұрған-жүрегім/, тілім менің тірегім шығарма, Тілім тірегім соғып тұрған жүрегім Шығарма, Тил туралы эссе, тіл тірегім соғып тұрған жүрегім, тілім-тірегім соғып тұрған жүрегім, тилим тирегим согып турган журегим шыгарма, тіл тірегім соғып тұрған жүрегім шығарма, тилим тирегим согып турган журегим, тілім-тірегім соғып тұрған жүрегім эссе