Ушел из жизни доктор медицинских наук, профессор Нурмухамбетов Адильман Нурмухамбетович (07.06.1938 – 25.04.2021)
Ушел из жизни доктор медицинских наук, профессор
Нурмухамбетов Адильман Нурмухамбетович
(07.06.1938 – 25.04.2021)
Кафедра патологической физиологии НАО «Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова» глубоко скорбит по поводу кончины доктора медицинских наук, профессора Нурмухамбетова Адильмана Нурмухамбетовича, Учителя, основателя экологической патофизиологии, автора фундаментальных трудов и учебников по патофизиологии на государственном языке.
Адильман Нурмухамбетович после окончания Семипалатинского государственного медицинского института в 1962 г. был оставлен в аспирантуре на кафедре патофизиологии. В 1965-1975 гг. работал ассистентом, доцентом, заместителем декана лечебного факультета. В 1967 г. защитил кандидатскую диссертацию и в 1973 г. утвержден ВАК СССР в ученом звании доцента. С1975 по 1979 гг. работал заместителем начальника Управления кадров и учебных заведений МЗ КазССР. В 1979-1991 гг. заведовал ЦНИЛ АГМИ. В 1990 г. защитил докторскую диссертацию в Институте общей патологии и патофизиологии АМН СССР (город Москва). С 1991 г. по 2013 г. заведовал кафедрой патофизиологии КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова. В 1993 г. ему было присвоено ученое звание профессора медицины, а в 2013 году – почетного профессора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова.
Профессор Нурмухамбетов А,Н. – автор более 200 научных работ, в т.ч. 4 авторских свидетельств на изобретение, 2 научных монографий, 4 учебников и 2 учебных пособий, 6 русско-казахских словарей медицинских терминов, под его руководством издано 6 сборников научных трудов. Он является основателем экологической патофизиологии в Казахстане, внес огромный вклад в изучение механизмов токсического действия тяжелых металлов и в разработке способов защиты организма от этих токсикантов химическими адаптогенами, полученными из местного растительного сырья. Под его руководством защищены 3 докторские, 16 кандидатских, 4 магистерские диссертации.
Под руководством Адильмана Нурмухамбетовича на кафедре впервые была создана учебно-методическая база для преподавания патофизиологии на казахском языке. Впервые в Казахстане профессор А.Н. Нурмухамбетов издал учебник по патофизиологии на казахском языке (1995 г.), доработал его и переиздал в четырех изданиях (2000, 2007, 2011, 2017), а также выпустил учебник по клинической патофизиологии (Алматы 2010, 2016) на казахском языке. Этими учебниками и учебными пособиями («Патофизиология в схемах и таблицах». Алматы, 2004 «Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы» Алматы, 2006), русско – казахским словарем пользуются студенты и преподаватели всех медицинских высших учебных заведений страны.
Профессор А.Н. Нурмухамбетов награжден нагрудными знаками «Отличнику здравоохранения» МЗ СССР, «Қазақстан республикасы денсаулық ісінің үздігі», «Серебряной медалью КазНМУ», нагрудным знаком МОН РК «Почетный работник образования РК», почетным знаком «Тіл жанашыры», являлся лауреатом премии им. С.Д. Асфендиярова.
Адильман Нурмухамбетович был высококвалифицированным патофизиологом, талантливым ученым и педагогом, блестяще писал на казахском и русском языках, в совершенстве владел компьютером. Характерным для него были трудолюбие, скромность, принципиальность в вопросах науки и образования. Он пользовался заслуженным уважением среди патофизиологов Казахстана. Его кончина – большая утрата для университета и высшего медицинского образования страны.
Ученики профессора А.Н. Нурмухамбетова и коллектив кафедры патологической физиологии выражают искренние соболезнования родным и близким Адильмана Нурмухамбетова.
Светлая память нашему Учителю!
Сәуірдің 25 жұлдызында патофизиология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы
Әділман Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетов дүниеден озды
(07.06.1938 – 25.04.2021)
ҚЕАК С.Ж.Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» патологиялық физиология кафедрасы ұжымы Оқытушы, экологиялық патофизиологияның негізін қалаушы, патофизиологиядан мемлекеттік тілдегі оқулық пен негізгі еңбектердің авторы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әділман Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетовтың дүниеден озуына байланысты қайғырып көңіл айтады.
Әділман Нұрмұхамбетұлы 1962 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған соң патофизиология кафедрасына аспирант ретінде қалдырылды.
1965-1975 жылдары ассистент, доцент, емдеу факультетінің декан орынбасары қызметтерін атқарды.
1967 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, 1973 жылы ССРО ЖАК доцент ғылыми атағын бекітті.
1975 жылдан 1979 жылдар аралығында ҚазССР ДСМ оқу орындары және кадрлар бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.
1979-1991 жылдары АММИ Орталық зертханасының меңгерушісі болды.
1990 жылы ССРО МҒА (Москва қаласы) патофизиология және жалпы патология Институтында докторлық диссертациясын қорғады.
1991 -2013 жылдар аралығында ҚазҰМУ-дың патофизиология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1993 жылы медицина профессоры ғылыми атағы берілді.
2013 жылы – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ атақты профессоры атағы берілді.
Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов 200-ден астам ғылыми жұмыстар жариялады, оның ішінде 4 жаңалық ашудың авторлық куәлігін, 2 ғылыми монография, 4 оқулық, 2 оқулық құрал, 6 медициналық атаусөздердің орысша –қазақша сөздігі, оның жетекшілігімен 6 ғылыми жинақ шығарылды. Ол Қазақстандағы экологиялық патофизиологияның негізін қалаушысы, қоршаған ортаның антропогенді ластануының ағзаға әсер етуінің ішкі тетіктерін терең зерттеуде және жергілікті өсімдік шикізаттарынан алынған препараттардың көмегімен организмдегі бұзылыстарды түзетуге елеулі үлес қосқан ғалым. Оның жетекшілігімен 3 докторлық диссертация, 16 кандидаттық, 4 магистерлік диссертациялар қорғалды.
Ә.Н.Нұрмұхамбетов — жоғары білікті патофизиология маманы, тәжірибелі оқытушы, оның басшылығымен патофизиология кафедрасында қазақ тілінде дәрістермен сабақтардың оқу – әдістемелік базасы жасалды: оқулықтар шығарылды, оқытушыларға арналған әдістемелік өңдеулер мен студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, дәрістік көрнекі материалдар дайындалды.
Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов — медициналық жоғары оқу орынд
арының студенттеріне арналған патофизиологиядан қазақ тіліндегі бірінші оқулықтың авторы. Ол оқулық 1995, 2000, 2007 және 2011 жылдары толықтырылып және өзгерістер енгізіліп, баспадан қайта шығарылды. Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов 2010, 2016 жылдары клиникалық патофизиология бойынша қазақ тілінде оқулық шығарды. Бұл оқулықтар және оқулық құралдармен («Патофизиология в схемах и таблицах», Алматы, 2004, «Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы», Алматы, 2006), орысша-қазақша сөздіктермен еліміздің барлық медициналық жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары қолданады.
Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов ССРО ДСМ «Отличнику здравоохранения» белгісімен, «Қазақстан республикасы денсаулық ісінің үздігі» төс белгілерімен, ҚР БҒМ-нің «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, ҚазҰМУ-дың күміс медалімен және «Тіл жанашары» құрмет белгісімен, ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты ҚР ДМ грамотасымен, «Үздік кафедра меңгерушісі» грамотасымен марапатталған, С.Ж.Асфендияров атындағы сыйлықтың иегері деген атағы бар.
Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетовтың оқушылары және патологиялық физиология кафедрасының ұжымы Әділман Нұрмұхамбетұлының жақындарына, туған туысына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.
Оқытушымыздың иманы жолдас болсын!