Қарттар күні
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді қазақ халқы. Әрине, қарттар асыл қазынамыз, қоғамымызда қарттарға деген қамқорлықтың, жанашырлықтың қажет екендігі уақыттың өзі көрсетіп отыр. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету әр азаматтың парызы. Сондықтан, жылда әлемде «1 қазан — Қарттар күні» ресми түрде аталынып өтеді. Республикамызда да көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті аталмыш күнде ардагерлерге арнап іс-шара ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылар: ҚазҰМУ-дың Кәсіподақ ұйымы, Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті
Студенттік ұйымдар мүшелері мен белсенді студенттер ардагерлерді ҚазҰМУ-дың тарихи мұражайын аралатып, университет ауласында орналасқан мемориалдық кешендері мен ескерткіштерімен таныстырды.
Университеттің кәсіподақ ұйымы ардагерлерді арнайы мерекелік дастарханға шақырды.
Іс-шараға университет әкімшілігі, факультет декандары қатысты.
Алғы сөзінде Ректор кеңесшісі Ж.Ғ. Мұстафина ардагерлерді мерекемен құттықтады. ҚазҰМУ Кәсіподақ ұйымы төрағасы, «Фармацевтика» факультетінің деканы У.М. Датхаев өз сөзінде университетімізде «Қарттар күнін» атап өту дәстүрге айналғанын айтып, ардагерлерге сыйлықтар табыстады.
«Жалпы медицина» факультетінің деканы Р.Т. Джумабаева ардагерлерге ерекше тілек білдіріп, осындай шаралардың маңыздылығын ескеріп өтті.
Мерекелік дастархан барысында ардагерлерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, отырыс көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
Келген қонақтар өз алғыстарын айтып, іс-шарадан соң естелікке суретке түсті.
ҚазҰМУ кәсіподағының төрағасы, профессор
Датхаев У.М
Ардагерлер кеңесінің төрайымы
Жумакова Т.А.
Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретің дамыту департаментінің басшысы
Шыңғысбаев Л.С.