2 января 2015 года ушел из жизни доктор фармацевтических наук,профессор, академик Казахстанской Национальной академии естественных наук
2 января 2015 года ушел из жизни доктор фармацевтических
наук,профессор, академик Казахстанской Национальной академии естественных наук
ДАУЛЕТКЕЛЬДЫ КАРИМОВИЧ КИЯШЕВ
Кияшев Даулеткельды Каримович родился 19 февраля 1945 года на ст. Мойынты Балхашского района Карагандинской области.
Закончил фармацевтический факультет Алматинского Государственного медицинского института (1968), очную аспирантуру в институте химических наук АНКаз ССР по специальности «Органическая химия» (1976),защитил докторскую диссертацию(1998),с июля 1999г. является профессором кафедры «Технология лекарственных форм», ныне модуль «Фармацевт-технолог». С 2004 года являлся академиком Казахстанской Академии естественных наук, а с 2009 года -Казахстанской Национальной академии естественных наук.
Работал преподавателем химии и биологии в средней школе №154 на станции Мойынты Казахской железной дороги (1968), преподавателем фармацевтической химии в Карагандинском медицинском училище (1969),призван в ряды Советской Армии(1969 -1971),преподавателем фармакологии в Балхашском медицинском училище (1971-1973),работал лаборантом,инженером, младшим научным сотрудником в институте химических наук АНКазССР (1983-1991),заведующим химико-технологическим отделом в НПО «КазЛегПром»(1991-1993),исполнял обязанности научного секретаря диссертационного совета ОД 09.01.07 при КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова (2001-2003), исполнял обязанности директора Казахского фармацевтического института при университете «Болашак» (2007-2008), выполнял обязанности заместителя председателя диссертационного совета ОД 53.47.10 по защите кандидатских и докторских диссертаций при НПО «Институт фитохимии» в г. Караганде (2007-2010),председателем терминологической комиссии при КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова (2011).
Направление научной деятельности: разработка новых лекарственных форм.
Достижения в научно-педагогической деятельности: Кияшев Д.К.являлся автором около 200 научных работ, 20 авторских свидетельств, 2 фармацевтических статей, 4 монографий, 4 словари «Орысша-қазақша сөздік», 3 учебных пособий,являлся соавтором словарей: «Медицинский словарь» изд-во «Атамұра», 1999 г., «Казахско-русский, русско-казахский словарь», изд-во «Рауан», 2000г.
Кияшев Д.К. синтезировал более 100 новых соединений,выпустил 2 кандидатов наук, 2 магистров,1 доктора –PhD.
Кияшев Д.К.- заслуженный работник высшей школы КазССР, являлся ветераном, мэтром Фармации Республики Казахстан.
Кияшев Даулеткельды Каримович останется в памяти своих учеников, коллег и друзей.
Казахский Национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова выражает родным и близким Кияшева Даулеткельды Каримовича искреннее соболезнование, в связи с кончиной прекрасного человека и учителя.
2015 жылы қаңтар айының 2жұлдызында70 жасқа қараған шағында химия ғылымдарының кандидаты, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі
ДӘУЛЕТКЕЛДІ КӘРІМҰЛЫ ҚИЯШЕВ дүниеден озды.
Дәулеткелді Кәрімұлы Қияшев 1945 жылы ақпан айының 19 – шы жұлдызында Қарағанды облысы, Балхаш ауданы, Мойынты бекетінде теміржолшы отбасында дүниеге келді.
1963 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін АлматыМемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетіне түсіп, оны 1968 жылы бітіріп шықты. Институтты бітірген жылы Мойынты бекетіндегі №154 орта мектебіне химия және биология пәнінің оқытушысы қызметіне, ал 1969 жылы Қарағанды қаласының медициналық училищесіне фармацевтикалық химия пәнінің оқытушысы лауазымына қабылданды және сол жылы ССРО-ның әскери қатарына шақырылды. 1969 жылдың күзінен 1971 жылдың қараша айына дейін Чита облысындағы Забайкалье әскери округінде медициналық қойма бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Әскери борышын өтегеннен кейін Д.К. Қияшев Балхаш қаласының медициналық училищесінде фармакология пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарды. 1973 жылы конкурс бойынша Қаз.ССР ҒА-ның химия ғылымдар институтына 02.00.03. — «Органикалық химия» мамандығы бойынша күндізгі аспирантураға қабылданды. Д.К.Қияшев Қаз.ССР ҒА химия ғылымдары институтында биологиялық белсенді заттарды синтездеумен шұғылданды және ол алғашқы жұмысын күкіртті гетеросақиналы цис-2,6-дифенилтетрагидротиопиран-4-онды синтездеуден және олардың туындыларының реакцияға мүмкіндігі мен биологиялық белсенділігін зерттеуден бастады. Жұмыс барысында көрсетілген қатардан жаңа ацетиленді, аминоацетиленді спирттер мен олардың гликольдарын синтездеді. Диалкилфосфорил және диалкилфосфинил қышкылдарының цис- изомерлі 2,6-дифенилтетрагидротиопиран-4-онға нуклеофилді қосылу мүмкіндіктерін зерттеді. Тетрагидротиопиран қатарындағы ацетилен-алленді және фосфит-фосфонатты қайта топталу реакциясын зерттеп, алғаш дәлелдеді және 100-ден аса жаңа қосылыстарды синтездеді.Тетрагидротиопиранон негізінде алынған бірқатар қосылыстардың микробқа қарсы, гербицидтік, радиоқорғағыштық және каталитикалық белсенділігін анықтады. Д.К.Қияшев 1983 жылы химия ғылымдары кандидаттық дәрежесін алу үшін «Синтез и превращения на основе 2,6-дифенилтетрагидротиопиран-4-она и его окисленных производных» тақырыбы бойынша диссертацияны табысты қорғады. Д.К.Қияшев 1983 жылдан бастап ССРО-ның өнертапқышы. Д.К.Қияшев 1998 жылы қаңтар айында фармация ғылымы бойынша «Биологические активные производные тетрагидротиопирана, триарилметана, салициловой кислоты и разработка новых лекарственных форм» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. 1999 жылдыңшілде айында профессор атағын алды. 2004 жылы Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының академигіне сайланды, ал 2009 жылдың 18-қыркүйегінде Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды.
Д.К.Қияшевтың ғылыми жетекшілігімен 1химия ғылымдарының кандидаты, 1 фармация ғылымдарының кандидаты, 2 магистр, 1 PhD-доктор дайындалды. «ҚазССР жоғарғы мектебінің еңбексіңірген қайраткері».
Д.К.Қияшев 200-ден астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 20 жуығымемлекеттік тілде, мақалалары «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Ана тілі», «Айқын», «Қазақ батырлары» газеттерінде және «Зерде», «Денсаулық», «Жұлдыз» журналдарында жарық көрді. 1989 жылы Д.К.Қияшев насихаттаушылар мен дәріскерлерге арналған «Табиғат және сәуле» атты әдістемелік нұсқаулықты Алматы қаласы «Білім» қоғамы баспасында, 1989 жылы «Атамұра» баспасында «Медицинский словарь» және 2000 жылы «Рауан» баспасынан «Казахско-русский, русско-казахский словарь» сөздіктерін, қазақ тілінде екі оқу құрал «Этил спиртінің концентрациясын күшейту, сұйылту және анықтау», «Зауыттық дәрілік қалыптар технологиясы бойынша лабораториялық жұмыстар» шығарды.
Д.К. Қияшев 2001-2003 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ті жанындағы кандидаттық және докторлық қорғайтын диссертациялық кеңестің ОД 09.01.07. ғылыми хатшысы болды.Д.К.Қияшев 2007-2008 оқу жылдарында Қарағанды қаласы «Болашақ»университеті жанындағы Қазақстан фармацевтік институтының директорлық қызметін атқарды.2007 жылдан 2010 жылдың аяғына дейін Қарағанды қаласындағы ҒӨБ «Фитохимия институты»-ның кандидаттық және докторлық қорғайтын диссертациялық ғылыми кеңестің ОД 53.47.10. төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ол көптеген жылдар бойы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің мемлекеттік тілді дамыту басқармасының мүшесі және 2011 жылдан ҚазҰМУ-нің терминологиялық коммиссияның төрағалық міндетін абыроймен атқарды.
Д.К. Қияшев жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде «Дәрілер технологиясыжәне биофармация» пәні бойынша дәрістер оқыды.Университеттің және факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, жас буындарды тәрбиелеумен тұрақты айналысты. Студент, магистрант, PhD -докторанттар мен әріптестері арасында Д.К.Қияшев үлкен беделге бөленген профессор болды.
Профессор Дәулеткелді Кәрімұлы Қияшевтың бейнесі С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті фармацевтика факультетінің студент, магистрант, PhD —докторанттары мен әріптестерінің есінде мәңгі сақталады.
Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, ардақты ұстаз!
С.Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық медицина университеті
фармацевтика факультетінің ұжымы мен
студент, магистрант, PhD — докторанттары