6 жатақханада Жаңа жылдық кеш
Келді, міне, Жаңа жыл баршамызга,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға!
24.12.14 күні №6 жатақханада Жаңа жылдық кеш өткізілді. Құрметті кеш қонақтары: факультетіміздің деканы Р.Т.Джумашева мен декан орынбасары А.И.Абдықалықова және эксплутациялық жұмыстар департаментінің басшысы М.О.Камалиев, сонымен қатар басқада қонақтарымыз бен студенттеріміз тамашалады. Өнерлі де өнегелі студенттеріміз бен қатар шет ел студенттеріде өз өнерлерін ортаға салды. Концертіміздің көркін келтіріп, сыйлықтарын сыйлаған Аяз атамызбен Ақшақарымызда бар. Мың бұралған бишілеріміз бен әнші-күйшілеріміз бәрін таң қалдырды. Көптеген ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Барлық қатысушыларымыз бен ұйымдастырушыларымыз декан орынбасарымен жатақхана меңгерушісінен алғыс хаттармен марапатталды.
Өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезген сәттеріміздібір сәт естен шыгарып,ескі жылда қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен,аттайық,бізді тек қана алда қуаныш пен бақыт күтіп тұрғанына сенейік.Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!!!
Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қой жылы кеп қалды ортамызга,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын ағайын!!!
№6 жатақхананың студенттер кеңесінің мүшелері