Студенттерге арнау
«Студенттер қатарына қабылдау» рәсіміне арналған
жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті
Ақылбек Ғани Маратұлының өлеңі
Студенттерге арнау
Армысың, ардақ тұтар сүйікті елім,
Жырымды жақұт сөзбен кейіптедім.
Құттықтаймын бүгінгі мерекемен,
Студенттік өмірдің кейіпкерін.
Қуанышты езуден жыя алмай біз,
Мерекеге көңілді күй арнаймыз.
Дәрігерлік өнердің дара шыңын,
Бағындырар бал сәтті қиялдаймыз.
Жаңа өмірдің ашылып ақ парағы,
Жалықтырар бойыңды жат талабы.
Студенттік өмірдің бал күндері,
Жадымызда сақталсын жатқа бәрі.
Айтпасқа болмас, сірә, аңыз құрап,
Дәрігердей ұлылық жалғыз бірақ.
Жан болайық жоғары қоятұғын,
Ақшадан адам жанын маңыздырақ.
Жағылғандай жырыма шырақ таңнан,
Жетелейді жеңіске шуақты арман.
Біз ғана «Ақ халатты абзал жандар»,
Түнгі аспанның жұлдызы сияқталған.
Бұзып, жарып жалғанның жартасын да,
Қанат қағып, жетіңдер арда шыңға.
Орындалсын ақ сұңқар армандарың,
Түпсіз терең білімнің арқасында.
Тауды бұзар жас достар талабың бар,
Өшірме естен өткеннің парағын әр.
Сусындаған біліммен болашақтың,
Кетігіне кірпіш боп қаланыңдар.
Ключевые слова:
Студенттерге арнау, https://news kaznmu edu kz/студенттерге-арнау/