Ташкентте Гүлсім Асфендиярованың құлыптасы жаңартылды
Ташкентте Гүлсім Асфендиярованың мемориалды кешені ашылып, құлыптасы жаңартылды. Айта кетейін, ол Орта Азиядан шыққан, жоғары білім дипломын алған тұңғыш әйел дәрігер. Салтанатты шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі мен екі елдің ғалымдары қатысты. Игі істің куәгерлері арасында Өзбекстандағы меншікті тілшіміз Жалғас Зейнолла да болып қайтты.