CАКЕН ӘМІРҰЛЫ ӘМІРЕЕВ, ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫНАН ҚЫСҚАША ДЕРЕКТЕР
Әміреев Сакен
Медицина ғылымдарының докторы, профессор
ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫНАН ҚЫСҚАША ДЕРЕКТЕР
Cакен Әміреев 1940 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы Қабанбай (бұрынғы Андреев) ауданы Мұқай ауылында дүниеге келді, 1957 жылы Екпінді орта мектебін тамамдады. 1958-1964 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында оқып дәрігер- эпидемиолог маманы атағын алды. 1964 жылы КССР Денсаулық сақтау министрлігінің микробиология эпидемиология және гигиена ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. 1967-1970 жылдары АММИ аспиранты. 1970 жылы медицина ғылымдарының кандидаты атағын қорғады. Ғылыми тақырыбы “Сочетонное течение токсоплазмоза и бруцеллеза” диссертациялық жұмысы Мәскеудегі ЖАК-да (жоғарғы аттестациялық комиссия) 1970 жылы қорғалған ең жетік ғылыми еңбек деп бағаланды (ССРО академигі Петрищева П.В. ұсынған пікірі бойынша).
ҚССР ДС министрлігі жанындағы ғылыми Комитеттің тапсырмасы бойынша Әміреев Сакен Қазақстанда токсоплазмоз инвазиясының балалар арасында әртүрлі кемтарлықтар туындауына байланысты арнаулы бағдарламасын жасап, ғылыми- тәжрибелік зерттеу жүргізу тапсырылды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстандағы мүгедек балаларға арналған 17 мекемелеріндегі 3127 балаларға зерттеу жүргізіп, олардың 12-17%-да токсоплазмоздың салдарынан мүгедек болғандары анықталды. Олардың 12,7% көру қабылетінің нашарлауы, 16-17% олигифрения, Дауна және басқа да нерв жүйесінің жарақаттануы анықталды. Зерттеу барысында бірнеше баланың жұлын сұйығынан токсоплазма паразиті бөлініп алынды. Токсоплазмозға серологиялық диагноз қою үшін арнаулы тест- жүйелер (РСК, ИФА) жасалып, оларды күнделікті тәжірибеде пайдалануға ұсынылды.Токсоплазмозға халықты тексеру басқа да қауіп топтарында жалғасын тапты. 1970-1975 жылдары Қазақстанның көптеген аумақтарында 18 мыңға жуық адам тексеріліп, жалпы мөлшері 12,7%- да осы індетке шалдыққандар анықталды. Олардың ішінде офтальмологиялық кемшіліктері бар науқастар, әртүрлі ішкі ағзалары жарақаттанғандар табылды. Оларға арнаулы спецификалық ем-шаралар ұсынылды.
Әміреев Сакен 1988 жылы Мәскеу қаласында “Научные и организационные основы эпиднадзора за бруцеллезам” тақырыбында медицина ғылымдарының докторы атағын қорғады. 1992-ЖАК профессор атағы берілді. 1975-1995 жылдары эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында бруцеллез инфекциясының эпидемиологиясы зертханасы ашылып, оны С.Әміреев басқарды. ССРО ДС министрлігінің арнаулы тапсырысы бойынша “Бруцеллез инфекциясының даму себептері мен оның алдын алу шаралары” атты Бүкілодақтық ғылыми-тәжірибелік бағдарламаны орындауға қатысты.
Нәтижелері:
— осы инфекцияның алдын алу мақсатында көп жылдар бойы жасалып келген (1957 жылдан бері) адамдарға бруцеллездің тірі вакцинасын қолданудың клиникалық-эпидемиологиялық және әлеуметтік тиімсіздігі мен халық денсаулығына зиянды екені дәлелденді. Осы бағытта Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы ұсынған “Рандиминизированное контролируемое исследование” атты дәлелді медицина әдістемесі қолданылды.
Алынған деректер ҚССР орындалғандықтан ДС министрлігінің арнаулы бұйрығы бойынша 2002 жылы тірі бруцеллез вакцинасын қолданыстан алып тастау туралы шешім қабылданды.
— 1985 жылы бруцеллез проблемасы сол кездегі Үкімет басшысы (Ұ.Карабалин) жиылысында қаралды. Осы мәселе бойынша қажет материалдарды дайындау С.Әміреевке тапсырылды. Қажетті шешім қабылданып “Ветеринарлық-санитарлық қадағалау және емдеу-алдын алу жұмысын күшейту” туралы көптеген іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде осы инфекциямен науқастану деңгейі төмендеді. Емдеу,алдын алу шаралары жақсара бастады.
-ҚР ДСҰ (дүниежүзілік сауда ұйымы) кіру үшін мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ұсыныстар жасалды.
Профессор С.Әміреев бруцеллез проблемаларының әртүрлі салалары бойынша 2 монография, 4 ғылыми жинақтар, 6 томды ғылыми-әдебиеттерге шолулар жарық көрді, 5 докторлық, 12-кандидаттық диссертациялар қорғалды (ғылыми-жетекші, ғылыми-кеңесші болды). 1978-1988 жылдары «Зоонозды инфекцияларға тиімді қадағалаудың ғылыми негіздері» атты Бүкілодақтық ғылыми бағдарламаны орындауға қатысты (жетекшісі академик Черкасский Б.Л., ҚР бойынша С.Әміреев).
Осы бағдарламаны орындау барысындағы жетістіктер:
- Эпидемиялық процестің әлеуметтік-экологиялық концепциясы жасалды. Бұл қазіргі кездегі эпидемиология ғылымындағы ерекше маңызға ие болған теория деп есептеледі. С.Әміреев осы концепцияның қосымша авторы.
- Зооонозды инфекцияларға қадағалау жүргізуге арналған “Карты эпизотолого-эпидемиологического обследования очага зоонозного заболевания” и “Вкладной лист к Карте” дайындалды. Бұл құжаттар
күнделікті эпидемиологиялық практикаға және жоғарғы медициналық оқу орындарының практикалық сабақтарында қолданысқа енгізілді. Бұл құжат ССРО, ТМД елдерінде қазіргі күнге дейін пайдаланылады.
- Қазақстанда осы бағдарлама аясында бірнеше ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізілді. Практикалық дерігерлерге арналған әртүрлі ғылыми жинақтар, әдеби шолулар ұсынылып баспадан шығарылды. Олардың негізгілері:
«Эпидемиологический надзор за зоонозами», Алматы, 1988, монография, «Эпидемиология и эпизоотология бруцеллеза», Алматы, 1986, монография. Осы ғылыми еңбектер ҚР ДСМ «Аль-Фараби» медалімен марапатталды.
Профессор С.Ә.Әміреев 1995-2012 жылдары Қазақ Ұлттық Медицина Университеті эпидемиология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл кафедраны (бұрын курс болған) 1995 жылы С.Әміреев ұйымдастырды. Қазіргі кезде кафедрада негізінен С.Әміреевтін шәкірттері ұстаздық пен ғылыми жұмысты қатар атқаруда. Кафедрада 5 медицина ғылымдарының докторы (эпидемиолония мамандығы бойынша) 4 доцент, 4 аға оқытушы, 5 оқытушы-медицина магистры атағы бар мамандар бар.
Ғылыми жұмыстар бағыты:
- «Вакцинация мектебі» ТМД елдері шінде алғаш рет ашылды.
Бағыты: мамандарды дайындау, ғылыми жұмыс, ҚР ДС және ӘД министрлігінде құрылған «Иммунизация бойынша консультативтік кеңес беру Комитеті» жұмысын атқару (төраға орынбасары.).
- Кызылша және қызамық инфекциялрына қарсы вакцинацияны толыққанды атқару және қадағалау арқылы ДДҰ осы инфекцияларды Еуропа құрлығында элиминациялау (сырқаттанушылықты болдырмау) туралы ҚР ДС ӘД министрлігі жанындағы жұмыс тобы мүшесі.
- ҚР-да жаңа вакциналарды тәжірибеге енгізу: 2010 жылы пневмококктық пневмония инфекциясына қарсы вакцина тәжірибеге енгізілді. Қазіргі кезде жас балалар арасында осы инфекциямен сырқаттанушылық 50%-ға, өлім-жітімділік 30%-ға төмендеді. 2012 жылдан бастап жатыр мойыны обырынан туындайтын папиломавирусқа қарсы 11-15 жас аралығындағы қыз балаларға екпе жүргізу іске асырылуда. Бұл ҚР қабылданған “2012-2016 жылдары Онкологиялық ауруларға көмек көрсетуді дамыту” бағдарлама аясында С.Әміреевтің ұсынысы бойынша атқарылып жатыр, 1998 жылдан бастап вирусты В гепатитке қарсы екпе іске асырылуда. Осы екпені қабылдаған балалар арасында гепатиттің В түрі қазіргі кезде тіркелмейді. Бұл болашақта бауырдың қатерлі ісігін болдырмауға үлкен әсер етеді.
- Халықты вакцинапрофилактика туралы ақпараттандыру және вакцинацияға қарсы кейбір халық топтары арасында түсініктеме беру. Осы бағытта жылына 5-7 рет әртүрлі телеканалдарда, радиода, газет-журналдарда сухбаттар беру, екпенің ғылыми-тәжірибелік қажеттілігін дәлелдейтін ақпараттармен қамтамасыз ету және т.б. жұмыстар атқарылды.
Педогогикалық жұмыс
- 1970-1995 жылдары дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында жұқпалы аурулар эпидемиологиясы, алдын алу шаралары мен эпидқадақағалау принциптері тақырыптары бойынша әртүрлі инфекциялар туралы дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді.
- 1995-2015 жылдары эпидемиология кафедрасында С.Әміреевтің арнаулы авторлық элективтік курстары ашылып (әртүрлі өзекті тақырыптар бойынша) студенттерді оқыту іске асырылуда.
Студенттерге, оқытушыларға арналған негізгі (базалық) оқулықтар жазылып оқу үрдісіне енгізілді, Олар:
1) Эпидемиология (жалпы эпидемиология)-1 том, 2002,2012
2) Эпидемиология (жеке эпидемиология)-2 том, 2004,2012
3) Медициналық паразитология,2005
4) «Жұқпалы және паразитарлық аурулардың стандартты анықтамалары және іс-шаралар алгоритмдері», практикалық нұсқаулық 2007, 2008, 2009, 2011. 1-2 том (қазақ және орыс тілінде).
5) Осы практикалық нұсқаулық оқырмандарының ұсынысы бойынша толықтырылған,2-басым түріне баспадан шықты (орысша және қазақша), екі томдық, 2014,2015ж.
6) «Жұқпалы ауруларға қатысты терминдердің тусіндірме сөздігі», Алматы, 2010
7) Иммунизация на практике», Национальное руководство Алматы 2014
Аталған оқулықтар мен практикалық нұсқаулықтар және 10 оқу құралдары ҚР Жоғарғы Медициналық Университеттерінде пайдаланылады және Қырғыз, Өзбек, Тәжік мемлекеттерінде күнделікті жұмыста, оқу бағдарламаларына енгізілді.
- С.Әміреевтің қаламынан шыққан оқулықтар, практикалық нұсқаулықтар, оқу құралдары саны-23 том, монографиялар, әдеби шолулар — 10 том. Ғылыми мақалалар — 547, соның ішінде 35 алыс шет елдерде жарияланған.
2010 жылы ҚР үздік оқытушы, 2012 жылы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің үздік оқытушысы атағымен марапатталды.
Жоғары мамандандырылған кадрлар даярлау:
→10 докторлық диссертациялар иелерінің ғылыми кеңесшісі.
→24 кандидаттық диссертациялар иелерінің ғылыми жетекшісі.
→1-Ph D диссертация иесінің ғылыми кеңесшісі.
→12 медицина магистрі атағын алғандардың ғылыми жетекшісі.
- ҚР тек соңғы 15жылда 10 Республикалық ғылыми-практикалық (шет ел мамандарының қатысуымен) конференциялар, 2 халықаралық конгресс өткізілді. Тәжірибелік семинарлар саны-27. Әр семинарда 67-95 практикалық дәрігерлер өз білімдерін, дағдыларын жетілдірді (сертификат берілді).
- Ғылыми-педагогикалық жұмыстар нәтижелері көптеген алыс шетелдеріндегі конгрестерде, конференцияларда баяндама түрінде таныстырылды. (АҚШ,Ұлыбритания, Германия, Турция, Израиль, Малайзия, Тайланд. ).
Құрметті Сакен Әміреұлы, кафедра ұжымы болашақ білікті дәрігерлер дайындаудағы кәсіби еңбегіңізді құрметтей отырып, Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 75 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет Сізді болашақ дәрігерлерді дайындауда белгілі де беделді маман, іскер «мәртебелі профессор» деңгейіне көтерді. Осындай еңбек пен жеке басыңыздың талапшылдығы отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін үлгі екендігі даусыз.
Сізге осындай мерейлі сәтте шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың игілігі, адамдардың салауатты өмірі жолындағы қажырлы қызметіңізде бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз деген тілек білдіреміз!