Академик Камал Сәруарұлы Ормантаевтың 80-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара
2016 жылдың 23 қыркүйегі күні Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, 14 000-нан астам балаларды құтқарып қалған еліміздегі бірегей академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камал Сәруарұлы Ормантаевтың 80-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Салтанатты іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов, ресейлік педиатр және хирург, профессор, қоғам қайраткері, Травматология және балалар жедел хирургиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Әлемнің балалар дәрігері» Лев Рошаль, еліміздегі көрнекті саясат пен қоғам қайраткерлері қатысады.
ҚазҰМУ-дың баспасөз қызметі