Алматыдағы «Терапевтер мектебінде» созылмалы коронарлық артериялық ауру мен жүрек жеткіліксіздігінің өзекті мәселелері талқыланды
2026 жылғы 19 ақпанда Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасы қаланың ауруханалары мен поликлиникаларында терапия саласында маманданған дәрігерлерге арналған «Терапевтер мектебін» өткізді. Мектепті С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ішкі аурулар кафедрасының доценттері – Айжан Болатoвнa Альмуханова мен Фарида Ерашимовна Рустамова – және терапия мамандығы бойынша бірінші жылдық резиденттері – А. Аяган, Дабыс Д., Аймахан А., Алмбай С. және Наушанбек Т. ұйымдастырды.
Мектеп перифериялық артерия ауруымен жүретін созылмалы ишемиялық жүрек ауруын, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін, өкпе эмболиясын емдеудегі қазіргі мәселелерге арналды.
Семинар Тұрақты даму мақсаттарының ЦУР-3 – «Денсаулық пен әл-ауқат» және ЦУР-4 – «Сапалы білім» мақсаттарын іске асыру аясында өткізілді.









