Алматы облысы денсаулық сақтау Басқармасы басшысы Ысқақ Бауыржан Ербозымұлымен кездесу өтеді
Құрметті әріптестер, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғам қайраткерлері, медицина және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу жоспарына сәйкес және Университеттің 90-жылдығына арналған іс-шаралар аясында Алматы облысы денсаулық сақтау Басқармасы басшысы Ысқақ Бауыржан Ербозымұлымен кездесу өтетінін хабарлаймыз.
Өтетін орны: С.Ж.Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ, Даңқ Залы, ректорат, 2 қабат,
Мекен-жайы: Алматы қ., Төле би к-сі, 94
Кездесу уақыты: 2020 ж. 12 ақпан 15.00-де басталады.
Кездесуді ұйымдастырушы: интернатура және резидентура факультеті.
Баршаңызды кездесуге шақырамыз!