Алматы қаласы Экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Мұхамедғафұрұлы Лесбековтың қонақ дәрісі
2025 жылдың 5 желтоқсанында академик Т. Шарманов атындағы Даңқ залында «Алматының атмосфералық ауасы: шығарындыларды азайту және қалалық ортаны жақсарту жолдары» тақырыбындағы қонақ лекциясы өтті. Іс-шара проректор Калматаева Ж.А. мен Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Кожекенова Ж.А.-ның кіріспе сөздерімен басталды.
Қонақ лектор – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің «Алматы қаласының экология департаменті» РММ басшысы Дінмұхамед Мұхамедғафұрұлы Лесбеков.
Лекцияға «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық-профилактикалық іс» білім бағдарламаларының студенттері, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау, Т. Шарманов атындағы Нутрициология, АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау курсымен эпидемиология кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Лекция барысында мегаполистің атмосфералық ауасының өзекті мәселелері талқыланып, Алматы қаласының 2025–2028 жылдарға арналған экологиялық жағдайды жақсарту жоспары аясындағы негізгі бағыттар таныстырылды.
Дінмұхамед Мұхамедғафұрұлы келесі мәселелерге ерекше тоқталды:
- атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары (PM₂.₅, PM₁₀, азот, күкірт және көміртек оксидтері);
- қаланы газдандыру үдерісі;
- жылу электр станцияларының (ЖЭС) шығарындылары және оларды экологияландыру шаралары;
- қаладағы жасыл инфрақұрылымды дамыту және көгалдандыру көлемін арттыру;
- ауа сапасын бақылаудың автоматтандырылған посттарын кеңейту арқылы мониторинг жүйесін жетілдіру.
Лекция қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырып, Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.


























