«Асфендияров оқулары»
2026 жылғы 14 қазанда С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «С.Д. Асфендияров – ҚазҰМУ-дың алғашқы ректоры және негізін қалаушысы» тақырыбында жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға шетелдік университеттердің ғалымдары, университетіміздің оқытушылары мен студенттері қатысты. Алғы сөз сөйлеген университетіміздің проректоры У.М. Датхаев пен департамент басшысы Н.Ж. Жәрдемалиева конференция қатысушыларына ізгі тілектерін білдірді.
Алғы сөзін Ресей Федерациясының Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор К.В. Храмова да сөйледі. Шетелдік әріптестеріміз қызықты баяндамалар ұсынды. Атап айтқанда, Ресейдің Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты А.С. Зубаирова-Валеева «С.Д. Асфендияровтың қоғамдық-саяси қызметі және Башқұртстан мен Қазақстандағы медициналық білім берудің дамуындағы тарихи-мәдени параллельдер» тақырыбында баяндама жасады. Өзбекстандық әріптесіміз, Ташкент қаласындағы Profi University-дің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының доценті, PhD Наргиза Акмаловна Умирзакованың «Өмірдің мақсаты – өмір» атты баяндамасы танымдық мазмұнымен ерекшеленді.
Студенттердің баяндамаларында С.Д. Асфендияровтың өмірі мен қызметі, оның Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-медициналық академияда білім алған жылдары, тұлға ретінде қалыптасуы, сондай-ақ соғыс тұтқынында болған жылдардағы дәрігерлік қызметі қамтылды. С.Д. Асфендияровтың эпидемиялармен күреске белсенді қатысуы және өлкеде денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы баяндамалар да ұсынылды. Баяндамалардың бірі оның жұбайы Рабиға Лапинаға және оның С.Д. Асфендияровқа көрсеткен қолдауына арналды.
Жалпы, конференция барысында қызықты әрі танымдық мазмұндағы баяндамалар тыңдалды. Үшінші жыл сайынғы халықаралық конференция сәтті өтті, барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.










