Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
2019 жылдың 15 ақпанында Даңқ залында Ауған соғысының ардагерлерімен, педиатрия мектебі, ҚазҰМУ-нің жергілікті кәсіподағы және қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау бөлімі кездесу өткізді. Кесдесуге Ауған соғысының ардагерлерін: Бердавлетов Бахитджан Абдрашитович – м.ғ.д., травматология және ортопедия кафедрасының доценті, Исаков Искендер Максатович –медициналық қызметтің қорындағы подполковник, Федоров Анатолтий Степанович –ДЭР қызметкері. Кеңес өкіметі әскерлерін Ауғанстаннан толығымен шығарғанына 30 жыл өтті. Ресми түрде Ауған арқылы 600 мыңға жуық совет әскері өтіпті, басқа дерек көздері бойынша бұл көрсеткіш миллионға жетеді. Ресми деректер бойынша 15 мың адам қаза тапты. Олардың 924-і қазақстандықтар. Мыңдан астам адам мүгедек болып, 21 адам жоғалып кетті. Ең бастысы Ауған соғысына қатысып, қаза болғандар үшін біздің оларға деген алғысымызды сезіну. (khabar.kz) Модераторлар: ҰМУ Педиатрия мектебінің деканы, профессор Катарбаев Адыл Қайырбекұлы. ҰМУ стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, фармация докторы, профессор Датхаев У.М., жергілікті кәсіподақ төрағасы, профессор Алтынбеков А.С., жастар саясаты бөлімінің бастығы Н.А. Жолдасбай. Кездесу қатысушылары: ПОҚ, педиатрия мектебінің 1, 2 курс, ҚДС 4 курс студенттері, әскери кафедраның курсанттары.