«Ақанов оқулары: денсаулық сақтау қызметтерін жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізудегі АМСК көрсетудің рөлі» халықаралық конференциясы
Ұлттық медицина университеті АҚ, Қоғамдық денсаулық сақтау институты ЖММ және Студенттік ғылыми қоғам студенттерді, жас ғалымдарды және жасы 35-ке дейінгі оқытушыларды 2019 жылдың 24-25 сәуір күндері Алматы қаласында «Ақанов оқулары: денсаулық сақтау қызметтерін жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізудегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның басты мақсаты – жас ғалымдар, студенттер мен оқытушылардың ғылыми ой-өрісін және түрлі ғылыми бағыттар арасындағы байланыстарды кеңейту, өзекті ақпараттармен алмасу, оларды анықтау және жастардың инновациялық әлеуетін дамыту.
«Ақанов оқулары: денсаулық сақтау қызметтерін жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізудегі АМСК көрсетудің рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясының негізгі ғылыми бағыттары (секциялары) төмендегідей.
Жас ғалымдар мен оқытушылар үшін:
- «Медицина» секциясы.
- «Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі» секциясы.
- «Фармация» секциясы.
- «Стоматология» секциясы.
Студенттер үшін:
- Ішкі аурулар;
- Хирургиялық аурулар;
- Фармация және фармакология;
- Стоматология;
- Акушерство және гинекология;
- Педиатрия және неонатология;
- Морфологиялық пәндер;
- Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау;
- Іргелі пәндер;
- Неврология, психиатрия және наркология.
Қатысу түрлері:
- Ауызша баяндама және мақалалар, тезистерді жариялау;
- Тек мақалалар мен тезистерді жариялау.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары табысталады. Жариялымдар «ҚазҰМУ хабаршысы» журналында, ал тезистер конференция нәтижесінде материалдар жинағында жарияланады. Жинақтың электронды түрі ҚазҰМУ ресми сайтында орналасатын болады.
Конференцияға қатысу тегін болып табылады. Жол, мекендеу және тамақтану шығындары жіберуші тараптан төленеді.
Тезистерді жариялау студенттер үшін тегін, ал жас ғалымдар мен оқытушылар үшін жарияланым құны 10 000 (он мың) теңгені құрайды және төмендегі реквизиттар арқылы қабылданады:
РОО « Ассоциация выпускников Казахского Национального Медицинского Университета им. С.Д. Асфендиярова»
БИН:091040007937
Банковские реквизиты: IBAN KZ666010131000122045
БИК: HSBKKZKX АО «Народный Банк Казахстана»
Конференцияға дайындық барысында, жіберілген өтініштер мен қатысушылардың талап-тілектеріне байланысты секцияларда өзгерістер болуы мүмкін. Ауызша баяндаманың ұзақтығы 7-10 минутты құрауы тиіс.
Конференцияға қатысу үшін қажет заттар:
(Мұқият танысуларыңызды өтінеміз)
- Жарияланымдарды (мақала, тезис) талаптарға сәйкес (Қосымша №1,2 қарау) рәсімдеп, төмендегі сәйкес келетін электронды мекен-жайға жіберуі тиіс:
Студенттер үшін:
- Ішкі аурулар [email protected]
- Хирургиялық аурулар [email protected]
- Фармация және фармакология [email protected]
- Стоматология mnpk2019st@@gmail.com
- Акушерство және гинекология
- Педиатрия және неонатология [email protected]
- Морфологиялық пәндер [email protected]
- Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау [email protected]
- Іргелі пәндер[email protected]
- Неврология, психиатрия және наркология [email protected]
Жас ғалымдар мен оқытушылар үшін жарияланымдар мен төлемнің сканерлік көшірмесі келесідей электронды мекен-жай арқылы қабылданады:
- Қатысу үшін өтінішті толтырып (Қосымша №3 қарау) және секцияға сәйкес электронды поштаға жіберуі тиіс.
Назар аударыңыз: барлық құжаттар бір хатпен және бір рет қана жіберілуі тиіс.
Сіздің жіберген материалдарыңыз қаралған соң Ұйымдастыру комитеті Сіздің атыңызға шақырту хатын және конференцияға қатысу жайлы қосымша ақпараттарды жіберген күннен бастап 1 апта ішінде жолдайтын болады.
Жарияланымдар мен өтініштер 2019 жылдың 30 наурызына (бұл күнді қоса санағанда) дейін қабылданатын болады.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:
ҰМУ АҚ ғылым және инновация департаментінің бас маманы: Арапбаева Сандуғаш Бактыбекқызы 8 707 830 66 00
Студенттік ғылыми қоғам төрағасы Жамашев Женис Жаксылыкович тел.: 8 778 774 88 55 және төраға орынбасары Хамитова Лаура 8 777 953 18 48