«Ақсай» клиникасында10 наурыздан бері балалар восоритид инъекциясын алып келеді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Ақсай» клиникасының базасында ел тарихында алғаш рет балаларды ахондроплазиядан яғни, бала кезінде ергежейлілікке әкелетін даму кемістігінен процедуралық емдеу өткізілуде.
Аталмыш дерт 22 мыңға жуық жаңа туған нәрестелердің біреуінде кездеседі. Әлемде мұндай балалар 250 мыңнан асады. Ауру FGFR3 генінің мутациясымен байланысты ұзын түтікшелі сүйектердің өсу қабілетін жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазақстанда метафиздік дисплазияның әртүрлі формалары сүйек құрылымындағы бұзылулары бар 200-ден астам бала бар. Олардың ішінде ахондроплазиямен ауыратын 40 науқас. Елімізде және таяу шет елдерде 17 бала жоғарғы және төменгі аяқтарын ұзарту бойынша операциялар жасады.
«Ақсай» клиникасының базасында 10 наурыздан бастап балалар жаңа препарат восоритид (Воксзого, Voxzogo) инъекциясын алып келеді. Емдеу курсы бір науқасқа жылына шамамен 200 000 еуроны құрайды. «Қазақстан халқына» қоры осы мақсаттарға 907 миллион теңгеден астам қаражат бөлді (шамамен 2 миллион доллар). 10 бала инъекцияны 10 наурыздан бастап алып келеді.