«Балалардың денсаулығын сақтау саласындағы пәнаралық аспектілер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
«Балалардың денсаулығын сақтау саласындағы пәнаралық аспектілер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2026 жылғы 19 шілдеде Ташкент қаласында Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан дәрігерлері мен ғалымдарының қатысуымен өтті. С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың профессор-оқытушылар құрамы: Мұсаев А.Т, Ташенова Г.Т., Төлебаева А.К. және Индершиев В.А. баяндамалар жасады. ҚРМУ профессоры К.Б. Жұбанышева баяндамамен қатысты.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы пәнаралық көзқарасты қажет ететін балалардың денсаулығын сақтау саласындағы өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.











