«Балалар – біздің болашағымыз» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
05 наурыз күні Облыстық балалар клиникалық ауруханасында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 95 жылдығына арналған «Балалар – біздің болашағымыз» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны университеттің оториноларингология және балалар ауруының пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлері ұйымдастырып, педиатрия және оториноларингология саласындағы жетекші мамандарды жинады. Конфренцияны аурухана директорының м.а. С.Рысалиев ашып, құттықтау сөз сөйледі, шараның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.
Конференция аясында балалардағы ауруларды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Конференцияға ҚазҰМУ оториноларингология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. А.С.Кулимбетов пен ШЖҚ “ОБКА” МКК директорының орынбасары Н.С.Байғабылова модераторлық жасады.
Негізгі баяндамалар:
- ҰБТ ерте жастағы балалардағы пневмонияның клиникалық-рентгенологиялық диагностикасы мәселелері туралы. ҚазҰМУ БАП кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Ш.К.Батырханов, магистр Л.Ж. Үмбетова;
- Балалардағы тонзиллофарингит: диагностика мен емдеудің қазіргі аспектілері. БАП кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Сағатбаева Н.А.
- ХХІ ғасырда емшек сүтімен емізу – БАП кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. Г. М. Абдуалиева.
- Балалардағы риносинустицтердің диагностикасы және емдеу жолдары – Оториноларингология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Кулимбетов А.С., резиденттер Егемберді М.Ә., Дуйсен С.Д.
- ЛОР мүшелерінің және бас пен мойынның қатерлі ісіктері – Оториноларингология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. А.М.Дильмаханов, резидент Б.Б.Маликов.
- Балалық шақтағы экссудативті отитті диагностикалау және емдеу – Оториноларингология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Касенова Д.А., резиденттер Меметкас А.Ж., Бақытжанова З.Е.
- Жұқпалы маусымда балаларды емдеудің заманауи тәсілдері – м.ғ.д., профессор Сәрсенбаева А.С
Конференцияға Облыстық балалар клиникалық ауруханасының жақ-бетсүйек хирургиясы, оториноларингология және офтальмология бөлімшесінің дәрігерлері мен басқа да бейінді дәрігерлер қатысып, біліктіліктерін арттырды.