«БАРЛЫБАЕВА ОҚУЛАРЫ» Халықаралық қатысуымен Республикалық ғылыми-практикалық конференция
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Педиатрия мектебі және профессор Н. А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасы, Сіздерді 2026 жылғы 12-13 Наурызда «БАРЛЫБАЕВА ОҚУЛАРЫ» Халықаралық қатысуымен Республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Конференция практикалық денсаулық сақтау дәрігерлерінің балалар денсаулығының проблемаларына ғылыми қызығушылығын қолдау мақсатында өткізіледі.
Осы конференция аясында орфандық аурулар мәселелері бойынша мастер класс, сондай-ақ жас ғалымдар конкурсы (постерлік баяндамалар) өткізіледі.
Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:
- Балалар патологиясының клиникалық аспектілері
- Неонатология мәселелері
- Балалар психо-неврологиясы мәселелері
- Педиатрдың тәжірибесіндегі орфанды аурулар
- Педиатрдың тәжірибесіндегі әлеуметтік маңызды аурулар
- Педиатриядағы вакциналық алдын алу
- Педиатриялық тәжірибедегі медициналық оңалту
- Дені сау және науқас баланың тамақтануы
- Педиатриядағы шұғыл жағдайлар
- Педиатриядағы цифрландыру және жасанды интеллект
12 наурызда конференциясында Baylor College of Medicine (АҚШ, Хьюстон) молекулалық және адам генетикасы кафедрасының профессоры Fernando Scaglia «Педиатриялық тәжірибедегі митохондриялық аурулар» тақырыбында халықаралық шеберлік сабағы өтеді.
Өтетін орны: Қазақстан, Алматы қ., Apart Hotel «RAAVAH»», микрорайон Жетысу -2, 69\3,
Тіркеу сағат 08:00 басталады.
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция форматы: гибридті-офлайн және онлайн.
Конференция соңында қатысушы сертификаты – 16 СБ беріледі.
Қатысушылар саны: оффлайн режимінде 100-120 адам; онлайн режимінде санына шектеусiз.
Тіркелу және трансляциялау үшін конференция сайты: https://medq.kz/events/4412
Өтінімдерді қабылдауға жауапты – тіркеу нысаны (1-қосымша)
Тапсырудың соңғы мерзімі 2026 жылдың 20 ақпаны.
Постер презентация дизайнына қойылатын талаптар:
Постер презентациясының тақырыбы;
- Автор(лар)дың толық аты-жөні;
- Зерттеу жұмысының жетекшісінің Т.А.Ә.;
- Мекеменің, қаланың, елдің атауы;
- Негізгі бөлім (кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі);
- Постер өлшемдері – 95 x 110 см (плакат PDF форматында берілген)
Конференцияның ұйымдастыру комитеті:
Педиатрия мектебінің деканы: Аипов Р.Р., 87772399950, [email protected]
Балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д Ташенова Г.Т., тел. 8701722 4051;
Профессор, м.ғ.д. Мырзабекова Г.Т., 8701 384 9207; [email protected]
Асс.профессор, м.ғ.к. Рамазанова Ш.Х., 87017995665, [email protected]
Асс.профессор, PhD Садыкова А.Ж., 87017316693, [email protected]
Асс.профессор, PhD Тулебаева А.К., 87014086560, [email protected]
1-қосымша
Тыңдаушыны тіркеу формасы
Халықаралық қатысуымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «БАРЛЫБАЕВА оқулары»
| Аты жөні | |
| Медициналық ұйымның, университеттің, ғылыми орталықтың атауы | |
| Лауазымы, мамандығы | |
| Мастер-классқа қатысу (қатысуды бағалау) | + – |
| Байланыс телефоны, е-mail |


