Барлық қызметкерлердің назарына skills.enbek.kz онлайн оқыту платформасы туралы!
Халықтың білімділік және кәсібилік деңгейін арттыру, жалпы мансаптық өсуді ынталандыру және «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында Электрондық еңбек биржасының базасында «skills.enbek.kz» онлайн режимде қысқа мерзімді оқыту порталы іске қосылдғанын хабарлайды.
Бүгінгі күні Порталда әр түрлі сала бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 849 курс бар, оның ішінде жұмысшы мамандықтар бойынша 164 курс бар (тізімі қоса беріледі).
Курстардың ұзақтығы 72 сағаттан аспайды.
Курстар сұранысқа ие дағдыларға оқығысы немесе біліктілігін арттырғысы келетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматына қолжетімді.
Оқытуға https://skills.enbek.kz/ тікелей сілтемені басу арқылы немесе Электрондық еңбек биржасы enbek.kz «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы кіруге болады.
Онлайн-курсты сәтті аяқтағаннан кейін (шекті деңгейі 70% болатын тестілеу) біліктілікті игеру туралы сертификат беріледі. Курсты бiтiрудiң мiндетi бiлiм алушының курсты бағалауы болып табылады.
Адам ресурстарын дамыту департаменті