«Бар күшіңмен өмір сүр – денсаулығыңды сақта» Халықаралық студенттік олимпиадасы
«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ сізді «Бар күшіңмен өмір сүр – денсаулығыңды сақта» Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысуға шақырады.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің теориялық және практикалық дайындығын арттыру, олардың ғылыми әлеуетін, шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамыту, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау және профилактикалық медицина мәселелеріне қызығушылықты қалыптастыру.
Олимпиаданың міндеттері:
- студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
- қоғамдық денсаулық сақтау саласында мамандар даярлауды жетілдіру;
- студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, ғылыми-зерттеу қызметі үшін талантты жастарды анықтау және қолдау;
- медициналық жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Қатысушылар:
Қатысуға медициналық жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады Өткізу форматы:
Онлайн олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең: 2026 жылғы 27 сәуір – Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша студенттерді тестілеу (50 тест тапсырмасы–50 минут). Команданың әр мүшесінің тестілеу нәтижелері бойынша команданың орташа баллы есептеледі. 50 балдық жүйе бойынша бағаланады. Тест тапсырмаларына сілтеме Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
2) II кезең: «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында бейнероликтер байқауы.
Жұмыстарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірге дейін.
Конкурстық жұмыстарды бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
Бейнероликтің хронометражы 3 минуттан аспауы тиіс.
Тақырыпқа сәйкестік, әлеуметтік маңыздылығы, шығармашылық және өзіндік ерекшелік, мазмұн сапасы, техникалық орындалуы, практикалық маңыздылығы -ең жоғары баға 50 балл.
Командалар бейнероликті E-mail: [email protected]
жібереді
3) Студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысын шығару кезінде конкурстық комиссия мүшелері командалық есепте жеңімпаздарды анықтайды. Олимпиаданың екі кезеңінің нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған Команда жеңімпаз деп танылады.
Дипломдар, сертификаттар қатысушылардың электрондық поштасына жіберіледі.
Жұмыс тілі: орыс/қазақ/ағылшын
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 30 сәуір.
Қатысу шарттары:
Команданы тіркеу үшін қатысуға өтінімді 2026 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей [email protected] электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Қатысу нысаны:
Командалық
Команда құрамы: (3 адам және жетекші)
Марапаттау:
Олимпиаданың командалық сынағының жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ қатысушылардың сертификаттарымен марапатталады. Жеке жүлделі орындарды беру қосымша қарастырылған.
Байланыс ақпараты:
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
«С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Алматы қ., Қазақстан Клочков, 66 көшесі
E-mail: [email protected]
Телефон: + 7 (701)7179711 Аликеева Галия Маратовна
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор
Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысуға өтінім
- Оқу орнының атауы:________________________________________________
- Ел, қала :__________________________________________________________
- Білім беру бағдарламасы: ___________________________________________
- Команда атауы:____________________________________________________
- Команда құрамы (3 адамға дейін):
ТАӘ: ________________________________________________________________
Байланыс телефоны:___________________________________________________
E-mail: _______________________________________________________________
- Ғылыми жетекшінің ТАӘ:____________________________________________
Лауазымы: ___________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________
E-mail: _______________________________________________________________
Сіздерді олимпиада қатысушыларының қатарында көруге қуаныштымыз!
Құрметпен,
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті


