«Біздің парызымыз – қазақ халқының мәдениетін болашақ ұрпақ үшін сақтау». Санжар Асфендияровтың 135 жылдығы қалай аталып өтіледі?
Қазақ ұлттық медицина университеті негізін қалаған Санжар Асфендияровтың 135 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар басталғаны туралы жариялайды. Атаулы күн 20 қазанда атап өтіледі. Бұл тек атаулы күн емес, бүкіл ел үшін маңызы зор оқиға болмақ, оған жетекші тарихшылар, дәрігерлер және қоғам қайраткерлері қатысады.
Санжар Асфендияров кім?
Санжар Асфендияров – Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған кесек тұлға. Әскери дәрігер, мемлекет қайраткері (Түркістан АКСР денсаулық сақтау халық комиссары, Қазақ АКСР денсаулық сақтау халық комиссары), ғалым, профессор.
Ол Қазақстан Ғылым академиясының іргесін қалаушылардың бірі болып саналады. Ол кезеңдер де қазақ халқы ғалымдар, мамандар мен білімді адамдардың жетіспеушілігін қатты сезінген шақта Санжар Асфендияров ғылыми жұмысқа тереңдей еніп, медицина, ғылым, педагогика, саясат және ұйымдастырушылық қызметке өзін арнады.
Жүрегі мен жаны дәрігер ретінде ол әрқашан зорлық-зомбылыққа қарсы болды, тіпті Бірінші дүниежүзілік соғыстың майдандарында жеке қарудан бас тартқан. Алматы қаласында қызмет етіп жүргенде ол Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімнің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің және Қазақстанның алғашқы медициналық университетінің тұңғыш ректоры болды.
Санжар Асфендияров ғалымдарды тарихи ғылымның өзекті мәселелерін, мәдени ескерткіштерді және Қазақстан халқының бай әдеби мұрасын зерттеуге шақырды. Қазақ тарихын зерттеуге өмірінің үлкен бөлігін арнаған ғалым кейінгі кәсіби зерттеушілерге жол салды.
«Жылдар өте келе біздің ұлттық мәдениетіміздің қорларындағы мақал-мәтелдер сияқты ауыз әдебиетінің асыл қазыналары ізсіз жоғалады. Біздің парызымыз – бай тарихи мұраны болашақ ұрпаққа жеткізу», – деген еді Санжар Асфендияров.
Оның еңбектерінің ішінде 1935 жылы шыққан «Қазақстанның өткені туралы деректер мен материалдар» атты еңбегін атап өтуге болады. Бұл жинақта ежелгі және ортағасырлық авторлардың, саяхатшылардың, тарихшылардың еңбектерінен үзінділер келтірілген. Бұл бірегей деректер жинағының жарыққа шығуы республиканың ғылыми өмірінде маңызды оқиға болды.
Санжар Асфендияров ғылыми-зерттеу жұмыстарының қатарында педагогикалық қызметті ілгерілету бойынша да орасан зор еңбек етті. Ол қазақ тарихын оқыту бағдарламасын бекітіп, оны 6-7 сынып оқушыларына арналған оқу құралы ретінде әзірледі.
Санжар Асфендияров 1937 жылы 22 тамызда «халық жауы» ретінде тұтқындалды. 1937 жылдың 29 қыркүйегінде «Казахстанская правда» газеті «тарихшы рөліндегі жапон тыңшысы» деген тақырыппен Қазақ марксизм-ленинизм институты студенттерінің хатын жариялады. Онда қазақ тарихын жан-жақты зерттеген және ғылыми еңбектер жазған профессор «жапон тыңшысы» деп айыпталған болатын. 1938 жылы ол 11 тармақтан тұратын айыптау қорытындысымен өлім жазасына кесілді.
135 жылдық мерейтой қалай атап өтіледі?
Санжар Асфендияровтың 135 жылдық мерейтойы 11 қазанда Казақ ұлттық медицина университеті аумағындағы Санжар Асфендияровтың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады. Сол күні Concordia театрында «Қазақтың шығармашылық мұрасы» атты шығармашылық кеш өтеді.
16 қазанда Казақ ұлттық медицина университетінің Concordia театрында және Торегелді Шарманов атындағы Даңқ залында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қолдауымен «С.Ж. Асфендияров – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы ғалым, дәрігер, профессор» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияда ұлт мақтанышы Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметі, оның ғылыми еңбектерінің мәні мен құндылығы қарастырылады.
17 қазанда Concordia театрында «Санжар Асфендияров» спектаклінің премьерасы өтеді.
18 қазанда Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінде Санжар Асфендияровқа арналған ескерткіш белгі орнатылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Саясаткер дәл осы бауырластар зиратында жерленген деп болжануда.
Сонымен қатар ол жерде Санжар Асфендияровқа арналған көрме ұйымдастырылады және еске алу асы өткізіледі. Іс-шара ҚазҰМУ ректоры Марат Шорановтың, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Абжановтың, Талғар ауданы әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің өкілдерінің қатысуымен өтеді.
19 қазанда «Санжар Асфендияров – ұлт мақтанышы» тақырыбында пікірталастар, спорттық іс-шаралар өтеді, ал Маяк шағын ауданындағы Асфендияров көшесінде сенбілік ұйымдастырылады. Сол күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «Санжар Асфендияров – ұлт мақтанышы» атты айтыс өтеді.
БАҚ аккредитациясы
Толық бағдарлама алу және аккредитациядан өту үшін төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарласуға болады.
Байланыс ақпараты
С.Ж. АсфендияроватындағыҚазақұлттықмедицинауниверситетініңбаспасөзқызметі
Телефон: +7 777 700 0700
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/біздің-парызымыз-қазақ-халқының-мәд/