Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚазҰМУ ұжымымен кездеседі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ұжымымен кездесуі
Күні: 26 қыркүйек 2016 жыл
Өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Даңқ залы
Уақыты:14.00-де.
2016 жылдың 26 қыркүйегі күні сағат 14.00-де Алматы қаласындағы жұмыс сапары аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ұжымымен кездеседі. Кездесуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет түрлерін әзірлеу сұрақтары талқыланады.
Сонымен қатар, Министр ҚазҰМУ-дағы медицина кадрларын дайындаудағы сапаны көтеру тұрғыдан маңызды сұрақтарды қарастырып, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен қызметкерлерінің ЖОО-ның мәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап береді.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі