Гранада Университетінде 5 күндік тағылымдамадан өту конкурсы жарияланады
ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің назарына!
Гранада Университетінде 5 күндік тағылымдамадан өту конкурсы жарияланды,Испания
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Медициналық білім басқармасы Erasmus+.KA1. бағдарламасы бойынша әріптес University of Granada, Испания университетінде тәжірибеден өту туралы гранттық байқаудың басталуын хабарлайды.
Конкурстық іріктеудің жеңімпазы Erasmus+. Incoming mobility of Academic and Research Staff. INTERNATIONAL RESEARCHER DEVELOPMENT Week бағдарламасы бойынша 5 күндік 23.07 – 27.07.2018 ж. мерзіммен Гранада университетінде тегін тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Тілі – ағылшын тілі.
Қосымша ақпарат алу үшін мында басыңыз.
Бағыты:
– Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер
Талапкерлерге қойылатын талаптар:
– ағылшын тілін білу (intermediate деңгейінен төмен емес)
– паспорт
– сауалнама нысанын толтыру (15.06.2018ж., 23:59 дейін)
Сілтемені орындаңыз
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тек 1 үміткер іріктеледі.
Конкурстық құжаттама
Тағылымдамадан өту үшін гранттық байқауына қатысу үшін барлық үміткерлер келесі құжаттарды тапсырулары керек:
– Ағылшын тілін білу туралы сертификат (егер бар болса)
– Талапкер сауалнамасы
– Шетелдік паспортының көшірмесі
– Резюме
[email protected] электрондық почтасына
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 15.06.2018, 12:00
Барлық сұрақтар жазбаша түрде жіберу [email protected]