Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне арналған өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті
2018 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында Республикалық Достық үйінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 жарлығын іске асыру шеңберінде «Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері» (Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы : ІІІ кезең) тақырыбында өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» ұйымдастырды.
Конференцияға ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласының Республикалық Достық үйі жұмысы қамтамасыз ету қызметі, Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, ҚР БҒМ ҰТО Қазтест жүйесін дамыту басқармасы, Орталық мемлекеттіқ мұрағат қолдау көрсетті.
Конференция барысында мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы және нәтиже индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ латын әліпбиіне көшу мәселелері және фармацевтикалық терминдер, Қазтест жүйесі, мұрағат ісі, іс қағаздарын жүргізу, ұйымдардың есептеме қалыптастыру нысандары және тағы басқа сұрақтар қарастырылды.
Конференция жұмысына Қазақстан Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырысы бойынша: Министрліктің терминологиялық комиссиясының мүшелері, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терминологиялық комиссиясының төрағасы, профессор Ж.Б.Ахметов және қалыпты анатомия кафедрасының доценті Б.Ш.Шәкенов қатысып, медициналық терминдерді біріздендіру үдерісін іске асыру барысындағы өз тәжірибиелерін баяндады.
Конференция жасалынған баяндамалар барысында, терминолог мамандар өз жетістіктерімен және алда тұрған проблемаларды шешу жолдары туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Атап айтқанда:
- Қажыбек Ерден Задаұлы – А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д., профессор, академик.
«Латын қарпіне өтудің төте жолы».
- Анар Бейсенқызы – Медициналық ұйымдар қызметкерлерін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге дайындау, ресми-іскери және медициналық құжаттама әзірлеу бағдарламаларының авторы.
«Мемлекеттік тіл саясатының нысаналы индикаторларын денсаулық сақтау жүйесінде жүзеге асыру ерекшеліктері».
- Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы – А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының доценті, ф.ғ.к.
«Терминология саласының қазіргі ахуалы».
- Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы – С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қалыпты анатомия кафедрасының доценті, м.ғ.к.
«Медициналық терминдердің ұтымды баламаларын жасау тәсілі».
- Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы – Оңтүстік Қазақстан фармация академиясы Қазақ және латын тілі кафедрасының меңгерушісі «Фармацевтика саласындағы терминдер».
- Фазылжан Анар Мұратқызы – А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары, ф.ғ.к.
«Латын әліпбиін игерудің әдіснамалық ерекшеліктері».
- Шыныбеков Жалғас Талғатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласының республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметінің бас сарапшысы, экономика және бизнес магистрі. «Мемлекеттік тіл саясатының ІІІ-кезеңі (2017-2019) мемлекеттік ұйымдарда жүзеге асыру: іс-шаралар жоспары мен аналитикалық есептеме әзірлеу тәртібі».
- Әбдіхалықов Айдос Тұрсынбайұлы – ҚР БҒМ ҰТО ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының бас сарапшысы
«ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі» атты баяндамалар жасалынды.
Осы жасалынған баяндамалар негізінде «Мемлекеттік тіл саясаты: жетістіктер; проблемалар; шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Қызықты пікір алмасулар, ұсыныстар негізінде конференция жұмысы қорытындыланып, резолюция қабылданды.