«Діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу» атты ҚазҰМУ-дың 3,4,5-курс топ жетекшілерімен кездесу өткізілді
Рухани бай, жоғары адамгершілігі бар тұлғаны тәрбиелеуде қоғам алдындағы негізгі мақсат – Қазақстандағы рухани дәстүрмен қаланған азаматтық белсенділігін арттыру, жастардардың құндылықтары мен этикалық нормаларын қалыптастыру болып табылады. Осы мәселелерді шешуде дәстүрлі діннің рөлі маңызды.
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 03.03.2017ж. күні сағат 15.00-де ҚазҰМУ-нің № 7 оқу аудиториясында Алматы қ. Дін істері басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» қызметкері (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің таралуының алдын-алуға арналған шаралардың кестесіне сәйкес) университетіміздің ҚазҰМУ-дың 3,4,5-курс топ жетекшілерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде сөз сөйлегендер:
– «Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» бас эксперті – Абдуллаев Н.К. «Дәстүрлі дін» атты баяндамасын таныстырды. Дәріс видеокөрсетіліммен толықтырылып, кездесу диалог форматында студенттердің қызығушылығын арттырды. Жалпы шараға қатысқандар саны – 100- ден астам адам.
Аталған іс-шараны Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың Әлеуметтік көмек және студенттерге қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды .
СЖЖБ директоры Л.С. Шынгысбаев