«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында ҚазҰМУ-нің 1-7 курс тәлімгерлермен кездесу өткізілді
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 17.10.2017 ж. ҚазҰМУ-нің №2 оқу аудиториясында сағат 15.00-16.00-де Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Нәтижелерді анықтау орталығының» қызметкерлері 1-7-курс тәлімгерлермен, ҚазҰМУ жатақханалардың комендантарымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес) кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге: «Нәтижелерді анықтау орталығының» ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚР Б және ҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институтының ғылыми қызметкері – Смагулов Мурат Нурмухамбетұлы: «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу. Терроризмнің мәні» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасын «Правда о лжи» атты видео көрсетіліммен толықтырды.
Кездесу тақырыпты сұрақ-жауап форматында өтті.
Аталған шараға қатысушылар саны – 67 адам. Осы іс-шара Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді.
СЖЖБ директоры Шыңғысбаев Л.С.