«Діни қатынастар және діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормаларын түсіндіру» тақырыбында ҚазҰМУ студенттеріне семинар өткізілді
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 11.10.2017ж. күні сағат 15.00-16.00-де №2 оқу аудиториясында, Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында, сондай-ақ «Перспектива» ақпараттық-кеңес беру тобы қоғамдық қорымен ынтымақтастықта «Діни қатынастар және діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормаларын түсіндіру» тақырыбында ҚазҰМУ студенттеріне (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес) семинар өткізілді.
Аталған шараға шақырылған қонақтар: психолог – консультант Мансурова Румилям Карлиновна және философия, саясаттану және дінтану Институтының 1 курс докторанты – Алия Сайлаубекқызы.
Кездесу тақырыпты сұрақ-жауап форматында өтті.
Осы іс – шараға қатысушылар саны – 25 адам. Аталған іс-шара Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді.
СЖЖБ Директоры Шыңғысбаев Л.С.