Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ҚазҰМУ «Walk the Talk» акциясын Қарағайлы саябағында өткізді
7 сәуір күні университеттің қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері таза ауада жаппай сергіту жаттығуларына қатысты. Акция университет қауымдастығын денсаулықты сақтау, дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру идеясы төңірегінде біріктірді.
«Walk the Talk» – бұл жай ғана акция емес, ол салауатты өмір салты қарапайым, бірақ маңызды қадамдардан басталатынын еске салатын жарқын бастама. Бұл қадамдарды біз бірге жасаймыз.



























