Ежелгі білімнің қайта тірілуі: Ортағасырлық түрік халықтық медицина мұрасы туралы ғылыми семинар
2025 жылдың 9 сәуірінде “Ортағасырлық түркі халық медицинасының жазба мұралары” тақырыбындағы ғылыми семинар сәтті өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығымен, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ММФ және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылып, өткізілді.
Шара барысында ортағасырлық түркі медицинасы туралы жазба деректер, олардың тарихи маңызы мен қазіргі медицина ғылымымен байланысы талқыланды. Ғылыми семинарға профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысып, түркілердің көне медицина тәжірибесі, көне медициналық қолжазбалар және олардың қазіргі замандағы маңызы туралы жетекші ғалымдардың баяндамаларын ерекше ықыласпен тыңдады. Баяндамашылар тарих, медицина және бабалар мұрасына қатысты өте қызықты және танымдық материал ұсынды.