Елімізде тісжегіден зардап шегетіндердің саны азаймай тұр
Бұл мәселені шешу үшін жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу қажет, дейді мамандар. Алматыда өткен конгресте 12 елдің жетекші тіс дәрігерлері бас қосты. Олар емдеу, диагностикалау және алдын алудың жаңа тәсілдерін талқылады. Бірінші кезекте ұзақ мерзімді нәтиже беретін цифрлық технологияның мүмкіндіктеріне жол ашу керек. Әсіресе мамандар балалар стоматологиясында тіс ауруларының алдын алу және тісжегіні аз инвазивті емдеу тәсілдерінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар отандық стоматологиядағы ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру, өндіріске енгізу де назардан тыс қалмауы керек, дейді конгреске қатысушылар. Майра Көпбаева, медицина ғылымдарының докторы, профессор: – Әрине ең алдымен ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау мәселесі ойландырады. Балалар мен жүкті әйелдерге жан-жақты стоматологиялық көмек көрсетуді жолға қою керек.Қазір бұл бойынша көп жұмыстар атқарылуда. Ғалымдарымыздың іргелі зерттеулері бар. Алайда бізде әлі отандық өндіріс орныға қоймаған.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/densaulyk/item/653916-elimizde-tiszhegiden-zardap-shegetinderdi-sany-azajmaj-otyr
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс