Жалпы медицина факультетінің 2 курс старосталарымен кездесу өткізді
Жалпы медицина факультетінің 2 курс старосталарымен кездесу өткізді
27 қазанда ОТЖ жөніндегі проректор ТөлебаевҚ.А., оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департамент директоры Абирова М.А. және жалпы медицина факультетінің деканы Джумашева Р.Т. жалпы медицина факультетінің 2 курс старосталарымен кездесу өткізді.
Проректор Төлебаев Қ.А. студенттерге университеттегі корпоративтік мәдениет, этика және этикалық қарым-қатынас туралы айтты: «Бұл, бірінші кезекте, субординация. Сіздер барлық сұрақтар бойынша өз деканаттарыңызға, декан орынбасарларына, деканға баруларыңыз қажет. Егер мәселеңіз шешілмесе, және ол оқу үдерісіне қатысты болса, онда оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі Департамент директоры М.А.Абироваға жолықсаңыз болады. Басқа сұрақтармен маған келсеңіз болады. Тікелей ректорға жазудың қажеті жоқ. Көптеген сұрақтарды ректорды мазаламай шешуге болады ғой. Сондықтан, мен сіздерден ересек болуларыңызды, этикалық нормаларды сақтауларыңызды сұраймын».
Проректор Төлебаев Қ.А. қазіргі уақытта бүкіл дүниежүзі бойынша қаржылық дағдарыс, студенттерге де оңай емес, сондықтан, жатақхана мәселесі бәрін мазалап жүргенін атап өтті. Проректор айтты: Жатақханадағы орын жетіспеушілігіне келетін болсақ, қазіргі таңда біздің университетке шетел студенттері келуде. Барлық шетел азаматтар міндетті түрде жатақханада тіркеліп тұруы қажет. Сондықтан, біз оларға жатақханадан тыс жерде тұруға мүмкіндік бере алмаймыз. Оған қарамастан, шетелдік студенттерге тек 400 орын бөліп қойдық, және басқа студенттерді, әсіресе 2 курсты тәлімгерлерімен бірге басқа тұрғылықты жерді табуларын сұраудамыз. Бұның барлығы біздің қазақстандық студенттерге орын бөліну үшін жасалынып жатыр. Бірақ, біз тек 1 курс студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз етеміз, ал курс жоғарылаған сайын сіздер тұрлығылықты жерлеріңіз туралы өздеріңіз ойлану керексіздер. Себебі, 1 курс студенттерінен басқа, жетім, мүгедек, бір ата-ана қамқорлығындағы, көпбалалы отбасыдан шыққан және т.б. студенттер бар. Студенттерден құрылған комиссия жатақхана бойынша барлық құжаттарды тексергенін, және ешқандай тәртіп бұзушылық анықтамағанын естідім.
Ректордың блогына жасырын түрде жазылған хаттарыңызда парақорлық фактілері туралы жазыпсыздар. Егер сіз парақорлыққа қарсы күрес жүргізгіңіз келсе, бізге келіп, ашық түрде айтыңыз. Әртүрлі аты-жөнмен ректордың блогына жасырын түрде оқытушыларға, деканатқа жала жабу заңға қайшы.
Абирова М.А. 2015-2016 оқу жылындағы оқу үдерісі туралы толықтай баяндап берді:«Осы оқу жылында 2 курстың сабақ кестесі 10 шілдеде аяқталады. Бұл қыста 3 апта қатарынан дем алуларыңа байланысты. Осы жылы біз сіздердің ыңғайыңызға қарай президенттік демалыс күндерін қысқы демалыс күндерімен біріктіруді ұйғардық. Былтыр студенттер мейрам күндерінде үйлеріне қайтып, сосын қайтадан сабаққа 2 апта оқуға келіп, сосын қайтып кетуге мәжбүр болды.
Ректордың блогына 2 циклды біріктіріп, сабақты ерте бітіруге мүмкінбе деген сұрақтар да келіп түсті. Жоқ, болмайды, себебі: сабақтан тыс уақытта тәжірибе мен дене шынықтыру оқу жылы барысында өтеді.
Биохимияға байланысты, былтыр 3 биыл 4 кредит болды. Білім беру стандартына сәйкес биохимия пәніне 162 сағат бөлінді. Ол 3,6 кредитті құрайды. Былтыр біз биохиямияға 3 кредит бөлдік, бірақ студенттер толық бағдарламаны қамтып үлгермеді. Осы жылы бұл қателікті өзгерттік.
2 курс студенттерінің емтихан бағасы бойынша айтатын болсақ, ол былтырғыдай өзгерсіз қалды 0,25-0,15 қатынаста, ал 3 курстан бастап 0,2-0,2 қатынаста теориялық білім және тәжірибелік дағдылар бойынша». Сонымен қатар,Абирова М.А. студенттер санының көптігіне, оқытушылардың жетіспеушілігіне байланысты пәндерді оқудың логикалық реттілігін сақтау мүмкіндігі үнемі бола бермейтіндігін жеткізді.
Студенттер бірнеше жауапты тесттер жайында сұрақтар қойып, дұрыс жауап санын жақшада көрсетуді өтінді.
Джумашева Р.Т жатақханаға орналастыру ережесіменстуденттерді тағы да таныстырып өтіп, аса мұқтаж студенттердің тізімі университет сайтында ілініп тұратынын және сол тізім бойынша жатақхананы кезегімен орын бөлінетінін айтты. Сонымен қатар, ректордың блогына 2 курс студенттерінің атынан парақорлық жөнінде хаттар түсіп, бірақ тексеру барысында бұл хаттар расталмады. Қазіргі уақытта студенттерінің бірқатары олардың атын жамылып ректордың блогына жазған адамды тауып, сол адамға шара қолдану туралы өтініш жазды.Джумашева Р.Т. студенттерге мазалап жүрген сұрақтарымен кез келген уақытта деканатқа келулерін өтінді.