Жас ғалымдар мектебі
Студенттік ғылыми қоғам 1-5 курс студенттерін «Жас ғалымдардар мектебінің» бірінші қабылдауының қатысушылары болуға шақырады.
«Жас ғалымдар мектебі» – бұл:
- студенттік ғылымның Қазақстан Республикасының және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ даму стратегиясының маңызды компоненттері ретінде қалыптасуына,
- отандық ғылымды жаңа деңгейге ұсынуға, бәсекелестікке қабілетті жас ғалымдар түлектерін шығаруға бағытталған жоба.
«Жас ғалымдармектебінің» мақсаты студенттің әлеуметтік-психологиялық құзіреттілігін және тұлғаның жан-жақты дамуын белсендіру, өзін-өзі объективті бағалаудың қалыптасуын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өз әлеуетінің рационалды қолдану, шығармашылық ұйымдарда жұмыс істеу дағдылары және білімдерін, презентацияларды рәсімдеу әдістерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеруге ықпал ету болып табылады.
«Жас ғалымдармектебінің» міндеттері:
а) студенттің ғылыми жұмыстың жазылу және презентациясының рәсімделуінің заманауи жүйелік әдістері туралы білімінің дамуына ықпал ету;
б) негізгі ғылыми бағыттар тақырыптарының өзектілігін анықтау, жоспарлау біліктілігін қалыптастыру, ұсынылатын платформалар MedLine, PubMed, SCOPUS, ELSEVIER, ORCHID, Web of Knowledge, MeSH, Springerlink аясында медициналық ғылымның соңғы жетістіктері туралы ақпаратты іздеуді жүзеге асыру;
в) студенттердің конференцияларға, съездерге, дөңгелек үстелдерге және басқа да түрлі форматтағы ғылыми іс-шараларға қатысуға ынталандыруды белсендендіру.
«Жас ғалымдармектебінің» ұйымдастырушыС.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Студенттік ғылыми қоғамы болып табылады.
«Жас ғалымдармектебін» ұйымдастыруға үлес қосушылар: а) Б.Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ; б) С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы; в) Биостатистика модулі; г) Д. Драпер атындағы коммуникативті дағдылар орталығы.
«Жас ғалымдар мектебінің»жұмыс жоспары қатысушы студенттік топтастырылғаннан кейін құрылады және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми жұмыстар және инновациялар бойынша проректорымен бекітіледі. Жұмыс жоспары семинарлар циклдарын қамтиды, бір семинардың ұзақтығы 2 академиялық сағатты (90 мин.) құрайды.
Семинарлар циклдары 5 блоктарға біріктірілген:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдіснамасы. Жауапты – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ;
- Мәліметтердің электронды базасымен жұмыс. Жауапты – ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасы;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының этикалық аспектілері. Жауапты – Этикалық бөлім;
- Мәліметтерді статистикалық өңдеу. Жауапты – медициналық биостатистика мен биофизика модулі;
- Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. Жауапты – Д. Драпер атындағы коммуникативті дағдылар орталығы.
«Жас ғалымдармектебі» қатысушылар тобына ғылыммен айналысатын немесе айналысуды жоспарлайтын қызығушы студенттерді шақырады.
«Жас ғалымдар мектебінің»бірінші шақырылымының қатысушылары кез келген факультеттің, 1-5 курс студенттері арасынан «Жас ғалымдармектебінің» қатысушы сауалнамасынталаптарға сәйкес дұрыс толтырып жіберген алғашқы 40 студент(қазақ тобының 20 студенті және орыс тобының 20 студенті) болады.
Барлық семинарлар өткізіліп болғаннан кейін студенттерге тыңдалған семинарлар сағаттары көрсетілген «Жас ғалымдармектебі» қатысушысы сертификаты тыңдаушы толығымен барлық семинарларға қатысқан жағдайда ғана беріледі.
«Жас ғалымдармектебінің» бірінші шақырылымының қатысушысы болу үшін Сізге қажет:
- «Жас ғалымдармектебі» қатысушысының сауалнамасын толтыру (№1 қосымша).
- Сауалнаманаы «Жас ғалымдармектебі» ұйымдастырушы комитет поштасына [email protected]жіберу.
Сауалнама қабылданғаннан кейін ««Жас ғалымдармектебі» ұйымдастырушы комитет Сізге семинарлардың уақыты мен өтетін орны туралы қосымша ақпаратты хабарлайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕКТЕБІ»ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ САНЫ ШЕКТЕУЛІ!
ДЕДЛАЙН:2015 жылдың 1 наурызына дейін!
Ұйымдастырушы комитеттің байланыс түрлері:
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ және ЖҒК, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру тобы: Бас маман: Нуралина Маржан Ембергеновна.
- Маман: Мухамеджанова ЖадыраМаулетовна.
- Тел: +7 727 338 7090, ішкі(7129), E-mail: [email protected]
- С.Ж. АсфендияроватындағыҚазҰМУстуденттікғылымиқоғамы. Төраға: Хисамутдинов Наиль Фанильевич. Тел: +7 707 117 5752. E-mail: [email protected]. Skype: khissamutdinov_n
- «Жас ғалымдармектебі» ұйымдастырушы комитет поштасы [email protected].