Жас ғалымның жетістігі – мақтанышымыз!
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Алматы қаласының жас ғалымдары арасында өткен ең үздік мақала (ғылыми жоба) байқауында университетіміздің студенті Әсентай Маруа Ерұланқызы жүлделі орынға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша Маруа Ерұланқызы III дәрежелі дипломмен марапатталып, 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері атанды.
Бұл жетістік — студентіміздің ғылыми ізденіске деген қызығушылығының, табандылығы мен еңбегінің нәтижесі.
Маруа Ерұланқызын лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми жолына сәттілік тілейміз!




