Жатақхана мәселесі бойынша жалпы медицина факультетінің студенттерімен кездесу
Жатақхана мәселесі бойынша
жалпы медицина факультетінің студенттерімен кездесу
22 қазанда жалпы медицина факультетінің деканы Джумашева Р.Т.
2 курс студенттерімен жатақхана мәселесі бойынша кездесу өткізді.
Джумашева Р.Т. студенттерге жатақханаға орналастыру ережесін қайталап түсіндірді. Бұл ереже университет сайтында ілініп тұр, барлығы бұл құжатпен жақсы таныс. Джумашева Р.Т. бірнеше слайдта бүгінгі күнге жатақханаға мұқтаж студенттердің толық тізімін, олардың қандай кұжаттары бар екендігін көрсетті. Сонымен қатар, соңғы кезде не үшін тек қыздарға жатақханаға жолдама берілгендігі туралы айтылды.Бұл№1 жатақханада 4 адам тұратын 18,4 – 19,4 ш.м. көлеміндегі бөлмелерге 5-ші адамды тұрғызу шешімімен байланысты. Бұл бөлмелердің барлығы негізінен қыздар тұратын бөлмелер болып шықты. Сондықтан, жатақханаға жолдама кезекке сәйкес тек қыздарға берілді. Жолдамалардың берілу заңдылығын және әділдігін студенттерден құрылған комиссия тексерді. Ешқандай тәртіп бұзушылық анықталған жоқ.
Қазіргі уақытта Үндістандық шетел студенттерінің жатақханаға орналасуы жүріп жатыр. Шетелдік студенттердің жатақханаға орналасуы аяқталғаннан кейін, қалған орындарға кезекке сәйкес студенттер орналасады.
Джумашева Р.Т. жатақханаға мұқтаж студенттердің тізімі университет сайтында ілініп тұрғандығын, және де бос орындар қалған жағдайда орындарды беру кезекке сәйкес жүргізілетіндігі туралы еске салды. Джумашева Р.Т. студенттерге мазалап жүрген сұрақтарымен кез келген уақытта деканатқа келулерін өтінді.