Жеке және қоғамдық этика
Химия кафедрасының оқытушылары Балпановой Д.Т., Алдибековой Г.А., Коркембай Ж., студенттермен «Жеке және қоғамдық этика» тақырыында тәрбие сағатын өткізді. Шараның мақсаты студенттердің қоғамдық ортада өздерін дұрыс ұстауын қалыптастыру, адамдармен қарым қатынаста, ізгілікті, әдептілікті сақтап сыпайы болуға баулу.
Ар адам күнделікті өмірінде өзін қоршаған қоғамдық ортамен тығыз байланыста болады. Туыстық, достық, таныстық, және бейтаныс адамдармен болсын барлығы дұрыс қарым қатынастың болуын қажет етеді. Олай болса адамдар арасындағы қарым қатынастың дұрыстығы адамдық этиканың биіктігінің көрсеткіші. Адам ортасына білімімен емес мінезімен силы, көркем мынезқұлықта болу, тұлға болып қалыптасу кезеңінде даритын асыл қасиет.
Этика (грек сөзі – ғұрып, ұстаным) – мораль туралы ілім. Этика терминін алғаш рет Аристотель практикалық философияны білдіру үшін қолданды, ол дұрыс, моральдық әрекеттер жасау үшін не істеуіміз керек деген сұраққа жауап беруі керек. Этиканың ең маңызды категориялары: жақсылық, жамандық, әділеттілік, жақсылық, жауапкершілік, ар-ұждан т.б. Студенттер тәрбие сағатында жеке және қоғамдық этиканың маңызын түсініп, оны қалай қалыптастыруға болатынының оңтайлы тетіктерін қарастырды.