«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
«Медициналық құқық» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылы 19 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға «Медициналық құқық» кафедрасының оқытушылары мен Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің өкілдері, сонымен қатар «Жалпы медицина» мектебінің 5 курсының 100-ге жуық студенттері қатысты.
Аталған дөңгелек үстелд мақсаты:
- білім алушыларда жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде, осы құбылыстың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіну арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру;
- азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.
Талқылау барысында білім алушы сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қауіп-қатерлеріне ықпал етеді деген пікірге келді.
Бұл қауіпті құбылыс барлық елдерде – үлкен және кіші, бай және кедей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет.