Жүйке аурулары кафедрасы қалалық нейрохирургтер қоғамының отырысында тәжірибесімен бөлісті
2026 жылғы 4 қыркүйекте Алматы қаласының №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасы (№2 ҚБКА) базасында қалалық нейрохирургтер қоғамының кезекті отырысы өтті. Іс-шара тәжірибе алмасу және заманауи медицинаның өзекті бағыттарын талқылау мақсатында алдыңғы қатарлы тәжірибелі дәрігерлердің, нейрохиругтар, ғалымдар мен резиденттердің басын қосты.
ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржанова Роза Балтабайқызы «1-типті нейрофиброматозды емдеу мен бақылау ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол осы генетикалық ауруға шалдыққан ересек пациенттерді емдеу мен диагностикалаудың заманауи халықаралық хаттамалары мен күрделі аспектілерін баяндап, пәнаралық командаларға арналған тәжірибелік ұсынымдарды ұсынды.
М.Р. Рабандияровтың төрағалығымен өткен отырыс белсенді пікірталас форматында өтті. Қатысушылар №2 ҚБКА тарапынан ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, мұндай кездесулер клиника мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, ғылыми әзірлемелерді практикаға жедел енгізу есебінен медициналық көмектің сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін баса айтты.
ҚазҰМУ Жүйке аурулары кафедрасы өкілдерінің қалалық деңгейдегі клиникалық пікірталастарға қатысуы дәрігерлерге озық тәжірибені бөлісуге мүмкіндік береді және кафедраның практикалық денсаулық сақтау саласымен байланысын нығайтады.
https://www.instagram.com/reel/Dc_IBNHNp8t/?stkn=MXhwNm02N3l4d2YyNw==






