«JAS GALA-2025» қалалық студенттік фестивалі өтті
Ағымдағы 2025 жылдың ақпан айының соңынан бері бастау алған Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры студенттер арасында «JAS GALA -2025» студенттік көктем шығармашылық байқау жұмысын өз бастаған болатын. Байқауды ұйымдастыру барысында Алматы қаласы ЖОО-ы мен колледждерде алдын-ала әртүрлі өнер түрлерінен жартылай финал, финалға шығу іріктеулері жүргізілді. Байқау іріктеуінде ҚазҰМУ-дан вокал және студенттік театры финалға шықты.
Шығармашылық «JAS GALA -2025» байқауының финалы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Concordia» театрында өтті. Вокалдық жеке орындауда Фармация мектебінің 3 курс студенті Қалыбай Ұлжалғас 3-орын, ҚазҰМУ «MedArt» cтуденттік театры «Дәстүр даралығы» номинациясын иеленді.
Біздің университет атынан қатысқан көркемөнерпаздар үйірмелерінің студенттерін шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз.
Алдағы уақытта да студенттер арасында өтетін фестивальдер мен байқауларға қатысып үлкен жетістіктерге жететініне сеніміміз мол.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/көктем-шығармашылық-студенттер-арас/