Медицина ЖОО арасындағы II Халықаралық «Самарқант – 2020» Олимпиадасы
Самарқант медицина институтының ұйымдастыруымен 2021жылдың желтоқсан айының 14–мен 15 аралығында медицина ЖОО арасындағы II Халықаралық «Самарқант – 2020» Олимпиадасы өтті.
Осындай керемет студенттер мерекесіне келесі ЖОО жастары келді: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь және Туркия мемлекеті. Келген студенттер саны 300 асты, одан басқа 2000 студент онлайн форматта қатысты.
Ашылу рәсімінде Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары А.Иноятов, Самарқант медицина институтының профессор-ректоры Ж.А.Ризаев, Бірінші Санкт-Петербор Мемлекеттік Университетінің ректоры академик С.Багненко, Бухара медицина институтының ректоры Ш.Жумаев, Ташкент Стоматологиялық институтының ректоры Н.Хайдаров, Стамбул Мәдениет Университетінің медицина факультетінің деканы П.Садретдин, олимпиаданың маңызы туралы ерекше атап өтті. Олимпиада орыс, өзбек және ағылшын тілінде өтті.
Олимпиада барысында 30 пән бойынша жарыс жүргізілді, жарысқа қатысушылар білімдерін алдымен тест сынағынан, кейін тәжірибелік дағдылары бойынша көрсетті. Шығармашылық жобаларды шет елдерден келген, құрамында профессор, түрлі сарапшылары бар әділ қазылар алқасы сынады. Барлық Олимпиадаға қатысушыларға сертификат берілді.
Осындай үлкен шарада С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ №1 ЖТД кафедрасының оқытушысы Исаева Қорлан Құдайберген қызы және неонатология курсымен педиатрия кафедрасының оқытушысы Ж.Ж.Нүрғалиеваның басқаруымен «Олимп» командасы офлайн форматта өз күштерін сынап қайтты. 11 қатысушының 7 жүлделі орынға ие болды.
№2 Жалпы медицина мектебінен жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері Исмаилов Шахмұрат (ғылыми жетекшісі Исаева Қ.Қ.), Мұсаев Захридин (ғылыми жетекшісі Исаева Қ.Қ.), Камышева Айнұр (ғылыми жетекшісі Күшімбаева Қ.Ш.) және Орынбаева А. (ғылыми жетекшісі м.ғ.д. Тажиева А.Е.) жүлделі III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Педиатрия факультетінің 5 курс студенті Каримова Лиана (патологиялық физиология) I орынды жеңсе, Никитина М.(ғылыми жетекшісі Нұрғалиева Ж.Ж.), ғылыми жоба бойынша II орынға ие болып, Амангелді Ж. (ғылыми жетекшісі Нұрғалиева Ж.Ж.) педиатрия пәні бойынша II орынды жеңіп алды. Одан басқа Салих Ж. (ғылыми жетекшісі Смагулова Д.О.) хирургия пәні бойынша II орынды жеңіп алды, Жәңабаева С.Б., Арқарбекова А., Әлімбек Ф. номинациялар бойынша жеңімпаз атанып қайтты.