«Медицина қызметкерлерінің салауатты өмір салты – Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жетудің маңызды факторы» тақырыбында іс-шара өтеді
ҚазҰМУ-дың Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы және «АМСК және диагностика орталығы» «Медицина қызметкерлерінің салауатты өмір салты – Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жетудің маңызды факторы» тақырыбындағы іс-шараға қатысуға шақырады.
Лекторлар:
- Бейсбекова Арайлым Қайратқызы — PhD, ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Равиль Зарина — PhD, биостатистика кафедрасының лекторы, психолог;
- Камбарова Айгүл Жұмабекқызы — дене шынықтыру кафедрасының лекторы.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлерінің салауатты өмір салтының денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі және БҰҰ-ң тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы рөлі талқыланатын болады.
Аталған іс-шара 0125РКИ0280 «Алғашқы медико-санитарлық көмек деңгейіндегі медициналық қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыру моделі» университетішілік гранттық жобасы аясында жүргізіледі.
2026 жылғы 26 ақпан
сағат 13:00
Форматы: офлайн
Өткізілетін орны: С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың АМСК және диагностика орталығы, Шевченко көшесі, 126
Қатысушылар:
Медицина қызметкерлері, зерттеушілер, жас ғалымдар және тұрақты денсаулық сақтауды дамытуға мүдделі барлық мамандар.
Ұйымдастырушылар:
ҚазҰМУ-дың Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы:
Құмар Айнұр Бақдәулетқызы, PhD, профессор;
Абикулова Ақмарал Қанатқызы, PhD, профессор;
Куттыбаев Асылхан Дүйсенханұлы, PhD кандидат.



