Менің Президентім, менің Қазақстаным!
2018 жылы 23 қарашада Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті нейрохирургия курсымен жүйке аурулары кафедрасының ұжымы, ассистенттер Кондыбаева А.М., және Симбинова А.Н, Ішкі аурулар бағыты бойынша ЖМ13-612-1к студенттері үшін ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында «Менің Президентім, менің Қазақстаным!» атты іс-шара өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасында Мемлекттік Орталық мұражайында өтті.
Іс-шара барысында студенттер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны, балалық шағы, жасөспірім шағы, мансабы, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қадамдары туралы білді.