Мен денсаулық сақтау саласының нұрын көріп тұрмын – Ажар Ғиният студенттерге сөзін арнады
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚазҰМУ студент жастарымен «Денсаулық сақтау жүйелеріміздің болашағы: медициналық-санитарлық алғашқы көмектің беделі, мотивациясы, құзыреттері» тақырыбында кездесу өткізді.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы студенттерге арнаған сөзінде Қазақстандағы денсаулық сақтаудың бастапқы буынының рөлін күшейту қажеттігін атап өтті. Ол елдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмек пен медициналық білім берудің жағдайы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Жалпы 2021-2022 оқу жылына білім алушылардың жалпы контингенті 61 287 адамды құрайды (жоғары білім – 54 207, жоғары оқу орнынан кейінгі білім – 7080):
– бакалаврлар – 46019 (6 мамандық);
– интерндер – 8188 (6 мамандық);
– резиденттер – 5764 (49 мамандық);
– магистранттар – 800 (8 мамандық) және докторанттар-516 (4 мамандық).
Мамандықтар бөлінісінде: (бакалавриат):
Жалпы медицина – 30074, стоматология – 6214, Мейірбике ісі – 1112, Қоғамдық денсаулық сақтау – 1001, фармация-2059 және басқа мамандықтар-5559. (Интернатура): ЖТД-7116, педиатрия – 57, терапия-4, стоматология – 1011.
Сонымен қатар, А.Ғиният медициналық студенттерге арналған гранттар мен шәкіртақылардың көлемін арттыру, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін әлеуметтік пакетті жақсарту туралы айтты.
Оның айтуына қарағанда, жыл сайынғы дәрігерлердің жалақысын арттыруды ескере отырып, 2023 жылы оны 550 мың теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл елдегі орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болмақ – деп нақтылады министр.
Министр студенттерді Қазақстан медицинасының келешегі деп атады.
«Сіздердің көпшілігіңіз әлі оқуды аяқтамасаңыздар да, сіздерді әріптестер ретінде қабылдаймын. Мен өзімнің болашақ әріптестерімнің тобын, қазақстандық денсаулық сақтау саласының нұрын, медицина ғылымының болашағын көремін», – деді ол.
ҚазҰМУ талапкерлер үшін оқуға қабылдану балы ең жоғары. Университет үздіктердің үздігін қабылдайды. 2021-2022 оқу жылына 1400 талапкер грант иегері атанды. Нәтижесінде университетке еліміздегі ең жоғары – 140 балл иегерлері стоматология мамандығына түсті. Басқа жоғары оқу орындарында бұл көрсеткіш 139 балл.
Жалпы медицина және фармация факультеттеріне 133 балл жинаған студенттер іріктелді. Сонымен қатар, басқа қазақстандық жоғары оқу орындарының жалпы медицина мен фармация факультеттеріне 117 және 125 балл жинаған студенттер студенттер қабылданған. Ал педиатрия және қоғамдық денсаулық сақтау факультеттеріне қабылдану үшін 116 және 114 балл болды. Осылайша, Университетке Қазақстандағы ең қабілетті, ең дарынды талапкерлер тартылды.